Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері бойынша талдамалық анықтама

 

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы                  19 қазандағы №12 «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» бұйрығын жүзеге асыру мақсатында «Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасы» ММ (бұдан әрі – басқарма) басшысының 2024.04.30 №57Ө-§2 бұйрығына сәйкес 30 сәуір - 30 мамыр аралығында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді.

Денсаулық сақтау басқармасының қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу үшін құрылған жұмыс тобы мемлекеттік қызмет көрсетуіне байланысты және қолданыстағы құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау бойынша 9 сыбайлас жемқорлық тәуекел анықтады:

  1. Анықтамалар мен аурухана парақтарын заңсыз ресімдеу (мысалы: дене-шынықтырудан босату туралы,спортпен шұғылдануға рұқсат беру туралы; жүргізуші куәлігін алуға жарамдылығы туралы; әскери қызмет атқаруға жарамсыздығы туралы).
  2. Науқасқа сапалы ота жасауға, отаға дейін және одан кейін пациентке ерекше күтіммен қамтамасыз етуге, жақсы медициналық материалдар, дәрілік препараттар, ерекше анестезия қолдануға және т. б. пара талап ету.
  3. Медицина қызметкерлерінің кейбір медициналық фактілерді, мысалы, дене жарақаттарының жасырғаны үшін, және т.б. пара талап ету.
  4. Санаторлық-курорттық емге кезектен тыс жолдама алу.
  5. Науқасты ауруханада жатқызу мерзімін ұзарту немесе ауруханадан мерзімінен бұрын шығару.
  6. Портал бойынша жоспарлы емдеуге жатқызудың күту мерзімдерін жеделдету. Ішкі талдау нәтижесінде мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу үшін сатып алынатын көрсетілетін қызметтердің құнын айқындаудың Үлгілік әдістемесінің қазіргі қолданыстағы редакциясында өңірлік деңгейде бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу үшін сатып алынатын қызметтерге арналған 1 ш.см, сек, мин, серия, таңба, дана үшін базалық бағасын айқындау республика бойынша әр өңірде жеке есептеледі, ол өз кезегінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін тудыруы мүмкін.
  7. Жүкті әйелдердің босанар шағында дәрігерлердің тарапынан жақсы көмек көрсетілуін қамтамасыз ету үшін.
  8. Балаларын басқа қалада квота арқылы емдету порталда кезек тез өткізу.
  9. Коммерциялық ұсыныс жіберу арқылы, мердігер тарапынан өз тауарының өтімділігіне басымдық жасату.

Осыған орай мемлекеттік қызмет көрсету кезеңінде ақпараттық талдау жүйелерінің сәйкес келмеуі салдарынан және қолданыстағы құқықтық актілерінен сыбайлас жемқорлық тәуекелдері туындап отыр.

 

ҚОРЫТЫНДЫ БӨЛІМ

 

  1. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері бойынша анықталған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлеу.

 

  1. Басқарма қызметкерлеріне мемлекеттік функцияларды орындау кезінде ықтимал мүдделер қақтығысын болдырмау, құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың барлық түрлерін көрсетуге төзбеушілік көрсету мақсатында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама талаптарын сақтау.
  2. Жоғарыда айтылғандардың негізінде комиссия сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу барысында анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою мәселесін қарау қажеттігі туралы қорытындыға келді.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері бойынша талдамалық анықтама
Дата публикации
11 июня 2024