Протокол общественного обсуждения результатов внутреннего анализа коррупционных рисков

«Ақтөбе облысының денсаулық басқармасы» мемлекеттік мекемесінің қызметіне жүргізілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелері туралы қоғамдық талқылау бойынша

ХАТТАМАСЫ

 

Ақтөбе қаласы                                                                     2024 жылғы 24 мамыр

 

Төрағалық етуші: Н.Тымпиев – басқарма басшысының м.а.;

Хатшы: А.Омарова – бас маман;

Қатысқандар: Басқарма қызметкерлері.

Күн тәртібі:

        «Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің қызметіне жүргізілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелері туралы қоғамдық талқылау.

               Н.Тымпиев: басқарма басшысының м.а. 2024 жылғы 30 сәуірдегі     №57Ө-§2 «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы» бұйрығы негізінде 2024 жылғы 30 сәуір - 30 мамыр аралығында 2024 жылғы  І-тоқсандағы басқарма қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді.

         Әр бір бөлімнің жұмысына жеке талдау жүргізіліп, жемқорлық тәуекелдерін болдырмауға тиісті жұмыстар атқарылғандығы анықталды.

          Талдау кезеңінде мекеме қызметкерлері тәртіптік жауапкершілікке тартылған жоқ.

          Басқармада мемлекеттік қызметтер көрсетілмейді.

          Басқармада рұқсат беру және бақылау функциялары іске асырылады.

Талдаумен анықталды:

Емдеу алдын-алу және дәрілік заттармен қамтамасыз ету бөлімі:

  1. Анықтамалар мен аурухана парақтарын заңсыз ресімдеу (мысалы: дене-шынықтырудан босату туралы,спортпен шұғылдануға рұқсат беру туралы; жүргізуші куәлігін алуға жарамдылығы туралы; әскери қызмет атқаруға жарамсыздығы туралы).
  2. Науқасқа сапалы ота жасауға, отаға дейін және одан кейін пациентке ерекше күтіммен қамтамасыз етуге, жақсы медициналық материалдар, дәрілік препараттар, ерекше анестезия қолдануға және т. б. пара талап ету.
  3. Медицина қызметкерлерінің кейбір медициналық фактілерді, мысалы, дене жарақаттарының жасырғаны үшін, және т.б. пара талап ету.

 

  1. Санаторлық-курорттық емге кезектен тыс жолдама алу.
  2. Науқасты ауруханада жатқызу мерзімін ұзарту немесе ауруханадан мерзімінен бұрын шығару.
  3. Портал бойынша жоспарлы емдеуге жатқызудың күту мерзімдерін жеделдету. Ішкі талдау нәтижесінде мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу үшін сатып алынатын көрсетілетін қызметтердің құнын айқындаудың Үлгілік әдістемесінің қазіргі қолданыстағы редакциясында өңірлік деңгейде бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу үшін сатып алынатын қызметтерге арналған 1 ш.см, сек, мин, серия, таңба, дана үшін базалық бағасын айқындау республика бойынша әр өңірде жеке есептеледі, ол өз кезегінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін тудыруы мүмкін.

Ана мен бала денсаулығын қорғау және вакцинамен қамтамасыз ету бөлімі:

  1. Жүкті әйелдердің босанар шағында дәрігерлердің тарапынан жақсы көмек көрсетілуін қамтамасыз ету үшін.

2.Балаларын басқа қалада квота арқылы емдету порталда кезек тез өткізу.

Экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі:

1.Коммерциялық ұсыныс жіберу арқылы, мердігер тарапынан өз тауарының өтімділігіне басымдық жасату.

Жиналыстың қортындысы:

  1. Алдағы уақытта да сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат аясында Қазақстан Республикасының заңнама талаптарын бұзуды болдырмауға тиісті жұмыстарды жалғастыру.
  2. Бөлім басшыларына өз қарамағындағылардың сыбайлас жемқорлық әрекеттері үшін дербес жауапты екендігі ескерту.
  3. Өңірлік деңгейде бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу үшін сатып алынатын қызметтерге базалық бағасын айқындау үшін бірыңғай норматив пен тетігін әзірлеу бойынша жоғары тұрған органға ұсыныс енгізу.
  4. Қолданыстағы «Мемлекеттік сатып алу заңы» мен басқа да құқықтық актілердің талаптарын қатаң сақтауға.
  5. Басқарма қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жол бермеу жөніндегі жоспарды әзірлеу және бекіту.

 

Төраға                                                                                                  Н.Тымпиев

 

 

Хатшы                                                                                                 А.Омарова

Протокол общественного обсуждения результатов внутреннего анализа коррупционных рисков
Дата публикации
28 мая 2024