Құжаттарды сапалы жүргізу саласындағы жетістіктер.
2023 жылы қыркүйек айында Алматы қаласында Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау ұйымдары арасында өткізілген «Сапалы құжат: ұлттық стандарттарға негізделген ісқағаз» атты республикалық конкурс қорытындысы бойынша Ақтөбе облысы жүлделі орындарға ие болды.
«Үздік денсаулық сақтау басқармасы» аталымы
ІІІ-дәрежелі диплом - Павлодар облысы Денсаулық сақтау басқармасы.
ІІІ-дәрежелі диплом - Түркістан облысы Денсаулық сақтау басқармасы.
ІІ-дәрежелі диплом - Шығыс Қазақстан облысы Денсаулық сақтау басқармасы.
І-дәрежелі диплом - Ақтөбе облысы денсаулық сақтау басқармасы.
«Үздік амбулаторлық-емханалық көмек көрсететін медициналық ұйым» аталымы
ІІІ-дәрежелі диплом - Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының №3 қалалық емханасы.
ІІ-дәрежелі диплом - Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының №5 қалалық емханасы.
І-дәрежелі диплом - Ақтөбе облысы денсаулық сақтау басқармасының №3 қалалық емханасы.
«Үздік стационарлық көмек көрсететін медициналық ұйым» аталымы
ІІІ-дәрежелі диплом - Шығыс Қазақстан облысы Денсаулық сақтау басқармасының Облыстық фтизиопульмонология орталығы.
ІІІ-дәрежелі диплом - Жетісу облысы Денсаулық сақтау басқармасының Ескелді аудандық орталық ауруханасы.
ІІІ-дәрежелі диплом - Ақтөбе облысы денсаулық сақтау басқармасының Облыстық фтизиопульмонология орталығы.
ІІ-дәрежелі диплом - Шығыс Қазақстан облысы Денсаулық сақтау басқармасысың Облыстық ауруханасы.
І-дәрежелі диплом - №1 Павлодар қалалық ауруханасы.
«Үздік қан қызметі» аталымы І-дәрежелі диплом - Ақтөбе облысы Денсаулық сақтау басқармасының Облыстық қан орталығы.