Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алуды өткізу туралы
хабарландыру
"Ақтөбе облысының Денсаулық сақтау басқармасы" ММ, Ақтөбе қаласы, Әбілқайыр хан даңғылы, 40, облыстық мәслихаттың 2023 жылғы 9 маусымдағы № 29 "Ақтөбе облысы азаматтарының жекелеген санаттарына амбулаториялық емдеу кезінде тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін, оның ішінде дәрілік заттарды, бейімделген емдік өнімдерді, медициналық бұйымдарды қосымша тегін беру туралы" шешімі бойынша 2023 жылға арналған дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алуды өткізу туралы хабарлайды.
|
№ лота |
Сатып алынатын дәрілік заттардың халықаралық патенттелмеген атаулары, құрамы |
Қысқаша сипаттамасы, Дозалары және шығару формасы |
Өлшем бірлігі |
Сатып алу көлемі |
Сатып алу үшін бөлінген сомалар (тг) |
Беру орны |
|
1 |
Ацетилцистеин |
таблетка шипучая 600 мг |
табл |
1 460 |
215 992,4 |
Разнарядка бойынша |
|
2 |
Третиноин |
капсула 10 мг |
капс |
400 |
640 000,0 |
|
|
3 |
Рилузол |
таблетка 50 мг |
табл |
720 |
410 414,40 |
|
|
4 |
Белимумаб |
инфузияға арналған ерітінді дайындауға арналған лиофилизат 400 мг |
фл |
6 |
1 254 437,4 |
|
|
5 |
Интерферон гамма (Ингарон) |
100000 МЕ тері астына енгізу үшін ерітінді дайындауға арналған лиофилизат |
фл |
30 |
106 200,0 |
|
|
6 |
Декспантенол |
сыртқы қолдануға арналған крем 5 % 100 г |
шт |
66 |
131 328,78 |
|
|
7 |
Аргосульфон |
крем 2% 40 г |
тюб |
324 |
556 764,8 |
|
|
8 |
Бетагистин |
таблетки 16 мг |
табл. |
2400 |
256 320,0 |
|
|
9 |
Амброксол |
сироп 30мг/5мл 100 мл |
фл |
115 |
64 249,35 |
|
|
10 |
Карбоцистеин |
сироп 250мг/5мл 120мл |
фл |
100 |
120 151,0 |
|
|
11 |
Финастерид |
қабықпен қапталған таблетка, 5мг |
табл. |
450 |
71 482,5 |
|
|
12 |
Тамсулозин |
модификацияланған босату капсуласы 0,4 мг |
табл. |
3 750 |
663 037,50 |
|
|
13 |
Кетопрофен |
крем 5 % 30 г |
тюб. |
100 |
45 878,0 |
|
|
14 |
Кетопрофен |
гель 2,5 % 45 г |
тюб. |
100 |
192 603,0 |
Жеткізудің талап етілетін мерзімі: шартқа қол қойылғаннан және оны аумақтық қазынашылық органында тіркегеннен кейін 15 күн ішінде.
Құжаттарды ұсыну орны: Ақтөбе қаласы, Әбілқайыр хан даңғылы, 40, "Ақтөбе облысының Денсаулық сақтау басқармасы" ММ, каб.612.
Құжаттарды ұсынудың соңғы мерзімі 2023 жылғы 02 қазан сағат 10.00-ге дейін.
Конверт осы 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша баға ұсынысын, белгілеген мерзімде лицензиялау немесе рұқсат беру рәсімі арқылы рұқсат беру органдары жүзеге асыратын қызметті немесе әрекеттерді (операцияны) жүзеге асыруға жеке немесе заңды тұлғаның құқығын растайтын рұқсатты, сондай-ақ ұсынылатын дәрілік заттардың және (немесе) медициналық бұйымдардың сәйкестігін растайтын құжаттар.
Сатып алынатын және босатылатын сатып алынған кезде, дәрілік заттарға және медициналық бұйымдарға мынадай шарттар қойылады:
1) дәріханаларда дайындалған дәрілік препараттарды, "Орфандық аурулардың және оларды емдеуге арналған дәрілік заттардың (орфандық) тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 20 қазандағы № ҚР ДСМ - 142/2020 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21479 болып тіркелді) енгізілген орфандық препараттарды, Қазақстан Республикасының аумағына қорытынды (рұқсат беру құжаты) негізінде әкелінген, тіркелмеген дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар құрамына кіретін және дербес бұйым немесе құрылғы ретінде пайдаланылмайтын жиынтықтаушыларды қоспағанда, Қазақстан Республикасында мемлекеттік тіркеудің; арнайы көлік құралындағы медициналық техника сатып алынған кезде – Қазақстан Республикасында бірыңғай жылжымалы медициналық кешен ретінде мемлекеттік тіркеуінің болуы.
2) сипаттаманың немесе техникалық ерекшеліктің хабарландыру немесе сатып алуға шақыру шарттарына сәйкестігі.
3) Қазақстан Республикасының аумағына денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган берген қорытынды (рұқсат беру құжаты) негізінде әкелінген, тіркелмеген дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды қоспағанда, бірыңғай дистрибьютордың үстеме бағасын (бірыңғай дистрибьютор сатып алған жағдайда), хабарландырудағы немесе сатып алуға шақыртудағы бағаны ескеріп, 96 бұйрықпен және 77 бұйрықпен бекітілген халықаралық патенттелмеген атауы және саудалық атауы (бар болған жағдайда) бойынша шекті бағадан асырмау;
4) "Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сақтау және тасымалдау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 16 ақпандағы № ҚР ДСМ-19 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22230 болып тіркелген) сәйкес олардың қауіпсіздігін, тиімділігі мен сапасын сақтауды қамтамасыз ететін жағдайларда сақтау және тасымалдау;
5) Қазақстан Республикасына тіркелмеген дәрілік заттарды және (немесе) медициналық бұйымдарды әкелу жағдайларын қоспағанда, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың таңбалануын, тұтыну қаптамасының және оларды қолдану жөніндегі нұсқаулықтың Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкестігі;
6) дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың жарамдылық мерзімі өнім беруші тапсырыс берушіге берген күні:
қаптамада көрсетілген жарамдылық мерзімінің кемінде елу пайызын (жарамдылық мерзімі екі жылдан аз болса);
қаптамада көрсетілген жарамдылық мерзімінің кемінде он екі айын (жарамдылық мерзімі екі жыл және одан көп болса) құрайды.
Баға ұсыныстары бар конверттер 2023 жылғы 2 қазан сағат 11-00-де келесі мекенжай бойынша ашылады: Ақтөбе қаласы, Әбілқайыр хан даңғылы, 40, каб. № 626.
Қосымша ақпарат пен анықтаманы 8(7132) 54-09-84 телефоны арқылы алуға болады.