Хабарландыру
2023 жылға арналған тендер тәсілімен дәрілік заттарды сатып алуды өткізу туралы
"Ақтөбе облысының Денсаулық сақтау басқармасы" ММ, Ақтөбе қаласы, Әбілқайыр хан даңғылы, 40, облыстық мәслихаттың 2023 жылғы 9 маусымдағы № 29 2023 жылға арналған "Амбулаториялық емдеу кезінде Ақтөбе облысы азаматтарының жекелеген санаттарына тегін медициналық көмектің, оның ішінде дәрілік заттардың, мамандандырылған емдік өнімдердің, медициналық бұйымдардың кепілдік берілген көлемін қосымша ұсыну туралы"
Сатып алынатын дәрілік заттардың атауы көлемі, жеткізу орны, сатып алуға бөлінген сомалар, жеткізу мерзімдері тендерлік құжаттамада көрсетілген.
Тендерлік құжаттама пакетін 2023 жылғы "20" шілдеге дейін мына мекенжай бойынша электрондық пошта арқылы алуға болады: medzakup@mail.kz жазбаша сұрау салу бойынша: Ақтөбе қаласы, Әбілқайырхан даңғылы, 40, каб. № 611, сағат 09.00-ден 18.30-ға дейін немесе Ақтөбе облысы Денсаулық сақтау басқармасының ресми сайтында.
Тендерлік өтінімдерді берудің соңғы мерзімі 2023 жылғы 21 шілде сағат 10-00-ге дейін.
Тендерлік өтінімдері бар конверттер 2023 жылғы 21 шілдеде сағат 11-00-де келесі мекенжай бойынша ашылады: Ақтөбе қаласы, Әбілқайырхан даңғылы, 40, каб. № 611.
Әлеуетті өнім берушілер тендерлік өтінімдері бар конверттерді ашу кезінде қатыса алады.
Қосымша ақпарат пен анықтаманы 8(7132) 54-34-45 телефоны арқылы алуға болады.