«БЕКІТЕМІН»
«Ақтөбе облысының денсаулық
сақтау басқармасы» ММ басшысы
2021 жылғы «____» _______
№ ______ бұйрығы
Бухгалтерлік есеп бөлімінің
ЕРЕЖЕСІ
Негізгі ережелер
1. Бухгалтерлік есеп бөлімі (әрі қарай – Бөлім) «Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасы» ММ (әрі қарай – Басқарма) құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
2. Бөлім өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасы Президентінің Заңдарын және Үкіметінің актілерін, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің өзге де нормативтік құқықтық актілерін, бұйрықтарын, Ақтөбе облысы әкімдігінің шешімдерін, өкімдерін және қаулыларын, «Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасы» ММ ережесін, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
Бөлімнің құрылымы және қызметкерлерінің саны «Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасы» ММ штаттық кестесімен бекітіледі.
II.Бөлімнің негізгі міндеттері, функциялары мен құқықтары
2.1. Бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп-қисаптың орындалуы саласында мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз ету.
2.2. Бөлімнің Функциялары:
- жеке облыстық бюджеттің орындалуы бойынша бюджеттік есепті жүргізу (облыстық бюджеттке түскен кірістерді, берілген қаржылық рұқсаттарды; алынған және берілген несиелерді есепке алу).
- қаржы басқармасының аппараты бойынша бухгалтерлік есеп-қисапты және шоттар бойынша талдау есебін жүргізу.
- төлем құжаттарын тіркеу және ресімдеу бойынша жұмыстарды жүргізу.
- жеке облыстық бюджеттің кезеңдік және жылдық есептілігін жасау, облыс бюджетінің орындалуы туралы жинақты есепті қалыптастыру және ҚР Қаржы министрлігіне ұсыну.
- жеке облыстық бюджеттің дебиторлық қарыздарының (фф1-ДЗ-Б және 1-ДЗ-П) және кредиторлық қарыздарының (фф1-КЗ-Б және 1-КЗ-П) есебін және ҚР Қаржы министрлігіне ұсыну үшін жинақты жоспарды жасау.
- облыстық бюджетте тұрған мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізуден ақшалардың түсуі және шығындар жоспарларының орындалуы туралы тоқсандық және жылдық есеп-қисапты жасау және ҚР Қаржы министрлігіне ұсыну үшін жинақты есепті қалыптастыру.
- демеушілік және қайырымдылық көмектен түскен ақшалар және оларды шығындау туралы тоқсандық және жылдық есеп-қисапты жасау және ҚР Қаржы министрлігіне ұсыну.
- алдағы қаржы жылына қаржы департаментін ұстауға арналған бюджеттік өтінімді есептіліктерімен жасау.
- қаржы басқармасының төлемдер мен міндеттемелер бойынша бюджеттік бағдарламаларын қаржыландыру жоспарын жасау.
- бюджеттік бағдарламаның паспортын жасау.
- бюджетпен: әлеуметтік салық, жеке тұлғалардан табыс салығы, зейнетақы қорына міндетті жарналар бойынша есеп айырысу есептерін құру және Ақтөбе қаласының салық комитетіне тапсыру, облыстық статистика басқармасына ұсыну үшін белгіленген нысандарда есептерді жасау.
2.3. Бөлімнің құқықтары мен міндеттері:
Құқығы:
1) бөлімнің құзыретіне жататын мәселелер бойынша, оның ішінде жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша мемлекеттік және мемлекеттік емес органдармен, лауазымды тұлғалармен және ұйымдармен қызметтік хат алмасуды жүргізу;
2) мемлекеттік және мемлекеттік емес органдардан бөлімге жүктелген міндеттер мен функцияларды орындау үшін қажетті ақпаратты, материалдарды, мәліметтерді заңнамада белгіленген тәртіппен сұрату және алу;
3) бөлімнің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша кеңестерге, дөңгелек үстелдерге, семинарларға және басқа да қоғамдық маңызы бар іс-шараларға қатысуға құқылы;
4) бөлімнің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша өз құзыреті шегінде қорытынды беру;
5) жұмыс топтарының, комиссиялардың және басқа да консультативтік-кеңесші органдардың жұмысына қатысуға құқылы;
6) орталық атқарушы органдармен, олардың аумақтық бөлімшелерімен, жергілікті атқарушы органдармен, мемлекеттік емес ұйымдармен өз міндеттерін орындау үшін өзара іс-қимыл жасау;
7) ҚР заңнамасына және ҚР өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқығы бар.
Міндетті:
1) бөлімнің міндеттері мен функцияларын сапалы және тиісті түрде орындауды қамтамасыз ету;
2) ҚР заңнамалық актілерінде көзделген өзге де міндеттерді сақтауға және орындауға міндетті.
Ш.Бөлім қызметін ұйымдастыру
3.1. Бөлім заңнамалық актілерге, Қазақстан Республикасы Президентінің актілеріне, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес оның негізгі міндеттері мен функцияларын іске асыру үшін қажетті өкілеттіктерге ие.
3.2. Бөлімді Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын басшы басқарады.
3.3. Бөлім бастығы бөлімге жүктелген міндеттер мен функцияларды орындауға тікелей жауапты болады, бөлім қызметкерлерінің лауазымдық нұсқауларымен көрсетілген, лауазымдық міндеттерінің шеңберін айқындайды, бөлім қызметкерлері Бөлім басшысына тікелей бағынады.
1) Бөлім қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады және Бөлімге жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болады;
2) Бөлім қызметінің мақсаттарын, міндеттерін және бағыттарын анықтайды, олардың біліктілік әлеуеті мен іскерлік қасиеттерін ескере отырып, бөлім қызметкерлерінің арасында міндеттерді бөледі;
3) тиісті атқарушылық тәртіпті, Бөлімде іс жүргізуді ұйымдастыру және жүргізу ережелерінің сақталуын қамтамасыз етеді;
4) Басқарма басшылығына ұсыныстар енгізеді:
- Бөлім қызметкерлерін көтермелеу және жазалау туралы;
- басшылықтың қарауына есеп бөлімінің қызметін жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізуге;
5) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Бөлім басшысы ______________________
«_____» _________2021 жыл