«Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасы» ММ-сі конкурс жариялайды.

«Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасы» ММ-сі Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы, Әбілхайыр хан даңғылы 40, 611 кабинеті, zdravaktobe@mail.ru мекен-жайы бойынша Ақтөбе облысының денсаулық сақтау саласындағы шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындарына қосымша байқау кеңестері  мүшелерін іріктеу бойынша конкурс  жариялайды.

Кәсіпорындардың негізгі қызметі облыс тұрғындарына ТМККК жөніндегі қызметтер көрсету.

Байқау кеңестері құрылатын шаруашылық жүргізу құқығындағы
мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындардың тізімі:

  1. ШЖҚ «№1 қалалық емханасы» МКК, 030007, Ақтөбе обл., Ақтөбе қ., Маресьев көш., 1Б, тел.: 8 (7132) 50-07-83;
  2. ШЖҚ «Отбасылық медицина орталығы» МКК, 030006, Ақтөбе обл., Ақтөбе қ., Бокенбай батыр көш., 133А, тел.: 8(7132)77-62-60;
  3. ШЖҚ «Қобда аудандық ауруханасы» МКК, 031000, Ақтөбе обл., Қобда ауд., Қобда а., А.Иманова көш., 1, тел.: 8(71341)2-11-93;
  4. ШЖҚ «Темір аудандық ауруханасы» МКК, 030800, Ақтөбе обл., Темір ауд., Шұбарқұдық а., микрорайон Кызылжар, 51Б, Тел.: 8 (71346) 78-4-52;
  5. ШЖҚ «Хромтау аудандық ауруханасы» МКК, 031100, Ақтөбе обл., Хромтау ауд., Хромтау қ., Абай даң., 11, Тел.: 8(71336)2-22-60;
  6. ШЖҚ «Шалқар аудандық ауруханасы» МКК, 031200, Ақтөбе обл., Шалқар ауд., Шалқар қ., Отеген Сейитов көш., 33, Тел.: 8(71335)21-9-26;
  7. ШЖҚ «Ақтөбе облыстық фтизиопульмонология орталығы» МКК, 030006, Ақтөбе обл., Ақтөбе қ., Жамбыл көш., 1А, Тел.: 8(7132)21-04-02;
  8. ШЖҚ «Облыстық қан орталығы» МКК, 030006, Ақтөбе обл., Ақтөбе қ., Ағ.Жұбановтар көш., 253, Тел.: 8(7132)56-47-96.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Жоғары білімі, сондай-ақ мынадай талаптардың бірі болуы қажет:

         1) денсаулық сақтау немесе ұйым бейіні бойынша және (немесе) экономика/қаржы және (немесе) бизнес және (немесе) құқық саласында кемінде 5 жыл жұмыс тәжірибесінің;

         2) денсаулық сақтау немесе ұйым бейіні бойынша және (немесе) экономика/қаржы және (немесе) бизнес және (немесе) құқық саласындағы басшылық қызметте кемінде 3 жыл жұмыс тәжірибесінің;

         3) денсаулық сақтау және (немесе) экономика және (немесе) бизнес және (немесе) құқық саласындағы қоғамдық бірлестіктердің мүшесі.

Мынадай:

         1) соттылығы өтелмеген немесе алынбаған;

         2) заңды тұлғаны банкрот деп тану туралы шешім қабылданғанға дейін бір жылдан астам осы заңды тұлғаның басшысы болған;

         3) бұрын сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаған;

         4) байқау кеңесінің басқа мүшесімен немесе мемлекеттік кәсіпорын басшысымен жақын туыстық және туыстық қатынастағы адамды байқау кеңесінің мүшесі ретінде сайлауға болмайды.

Конкурсқа қатысу туралы өтініштерді беру мерзімі: 2021 жылдың                  9 қыркүйек пен 9 қазан сағат 12:00 аралығы;

Конкурсқа қатысу туралы өтінішке қоса берілетін құжаттардың тізбесі:
         1) конкурсқа қатысу туралы өтініш (еркін нысанда жазылған);

         2) мемлекеттік және орыс тіліндеріндегі түйіндеме;

         3) өмірбаян (еркін нысанда жазылған);

         4) үміткердің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

         5) жоғары білімі туралы құжаттың көшірмесі;

      6) 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 35-бабына сәйкес жұмыскердің еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;

         7) Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің аумақтық бөлімшелері берген соттылығы және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары жоқ екендігін растайтын құжаттар.
         Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми жарияланымдар, алдындағы жұмыс орнының басшылығынан ұсыным) беруіне болады.

Қатысушы конкурстық өтінімнің түпнұсқасын «Түпнұсқа» деп белгіленген конвертке салып мөрлейді. Бұл конвертте қатысушының тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) және мекенжайы көрсетілуі тиіс. Содан кейін конверт сыртқы конвертке салынып мөрленеді.

Ішкі және сыртқы конверттер:

1) шақыруда немесе мерзімдік басылымдағы ақпаратта көрсетілген мекенжай бойынша тиісті саладағы уәкілетті органға (жергілікті атқарушы органға) бағытталуы;

2) «________________________________________________мемлекеттік кәсіпорынның байқау кеңесі мүшелерінің конкурсы» және 2021 жылдың 9 қазан жергілікті уақытпен сағ. 12:00 дейін ашуға болмайды» деген сөздерді қамтуы тиіс.

Конкурстық өтінім мемлекеттік және орыс тілдерінде бір-бір данадан жіберіледі.

Құжаттарды қабылдау 2021 жылдың 9 қыркүйектен бастап жергілікті уақытпен сағ. 08:00 – 17:30 (түскі үзіліс жергілікті уақытпен сағ. 12:00-13:30 дейін) аралығында Ақтөбе қаласы, Әбілхайыр хан даңғылы 40, мекенжайы бойынша, № 611 мекен-жайы бойынша жүргізіледі.

Конкурстық конверттер 2021 жылдың 9 қазанда жергілікті уақытпен сағ. 12:00-де Ақтөбе қаласы, Әбілхайыр хан даңғылы,  40, № 630 кабинетте ашылып, қаралатын болады.

Дата публикации
08 сентября 2021