Шаруашылық жүргізу құқығындағы «Облыстық перинаталдық орталық» мемлекеттік коммунальдық кәсіпорнының Бақылау кеңесі ШЖҚ «Облыстық перинаталдық орталық» МКК директордың бос орнына ашық конкурс жариялайды.
Конкурстың өтетін орны мен күні: ШЖҚ «Облыстық перинаталдық орталық» МКК, «Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасы» ММ сайтында хабарландыру жарияланғаннан кейінгі 15 күнтізбелік күн өткен соң.
Электронды пошталық мекен-жайының, байланыс телефонының, пошталық мекен-жайының, орналасқан жерінің көрсетілуімен кәсіпорынның атауы: ШЖҚ «Облыстық тері-венерология диспансері» МКК, Ақтөбе қаласы, Алтынсарин көшесі, 3, БИН: 00840002541, пошталық индексі 030006, байланыс тетефоны: 8 (71-32) 21-29-25, электрондық мекен жайы: hr@aktobe-opc.kz (конкурсқа)
Негізгі қызметінің сипаттамасы: Облыс және Ақтөбе қаласының тұрғындарын қолы жететін білікті, мамандандырылған, емдеу-алдын алу, медико-әлеуметтік, кеңес беру диагностикалық, емханалық және стационарлық көмекпен қамтамасыз ету, жұқпалы тері саңырауқұлақ ауруларына, жыныстық қатынас арқылы жұғатын ауруларға қарсы күресу, ұйымдастыру-әдістемелік көмек пен алдын алу және санитарлы-ағарту жұмыстарын жүзеге асыруды қамтамасыз ету болып табылады.
Мекеме басшысының негізгі лауазымдық міндеттері:
Денсаулық сақтау ұйымының өндірістік, қаржы-шаруашылық қызметіне басшылық жасайды, қабылданатын басқарушылық шешімдерге, ұйым мүлкінің сақталуы мен тиімді пайдаланылуына, сондай-ақ қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижелеріне жауапты болады.
Ұйым қызметінің саясатын, стратегиясын және оны іске асыру тетігін айқындайды.
Көрсетілетін диагностикалық, емдеу және профилактикалық көмектің тиімділігі мен сапасын одан әрі арттыруға, көрсетілетін қызметтердің сапасы мен бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған персонал жұмысының жаңа ұйымдастырушылық нысандары мен әдістерін енгізуді және қолданыстағыларын жетілдіруді қамтамасыз етеді.
Ұйымның құрылымдық бөлімшелерінің тиімді өзара іс-қимылын қамтамасыз етеді, олардың іс-қимылдарын көрсетілетін медициналық қызметтерді дамытуға және жетілдіруге бағыттайды.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың сақталуына және өз тарапынан және оған бағынышты тұлғалардан сыбайлас жемқорлық көріністеріне жол бермеу бойынша шаралар қабылдауға дербес жауапты болады.
Ұйымды білікті кадрлармен қамтамасыз ету, олардың кәсіби білімі мен тәжірибесін ұтымды пайдалану, өмір мен денсаулық үшін қауіпсіз еңбек жағдайларын жасау, ұжымда қолайлы психологиялық ахуал қалыптастыру жөнінде шаралар қабылдайды.
Ұйым қызметін талдау және оның жұмысының көрсеткіштерін бағалау негізінде ұйым жұмысының нысандары мен әдістерін жақсарту бойынша қажетті шараларды қабылдайды.
Әлеуметтік әріптестік қағидаттары негізінде ұжымдық шартты әзірлеуді, жасасуды және орындауды, еңбек тәртібін сақтауды қамтамасыз етеді, қызметкерлердің еңбек уәждемесін, бастамасы мен белсенділігін дамытуға ықпал етеді.
Санитариялық-эпидемиологиялық жағдайларды зерделеу және бағалау жөніндегі жұмысты үйлестіреді, адам денсаулығына қолайсыз әсер етудің басым факторларын айқындайды.
Санитариялық-эпидемиологиялық жағдайды жақсарту бойынша пәрменді шаралар қабылдайды.
Гигиеналық және эпидемияға қарсы іс-шаралардың жүргізілуін, санитариялық ережелер мен нормалар мен гигиеналық нормативтердің сақталуын жедел және зертханалық-аспаптық бақылауды және қадағалауды ұйымдастырады.
Ұйым қызметінде, оның ішінде қаржы-шаруашылық басқару, шарттық және қаржылық тәртіпті нығайту, әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеу мәселелерінде медициналық этика, заңдылық талаптарының сақталуын қамтамасыз етеді.
Қызметкерлерді жұмысқа қабылдауды және жұмыстан босатуды жүзеге асырады.
Жеке және заңды тұлғалармен келісімшарттар, мәмілелер жасайды.
Өз құзыретіндегі мәселелер бойынша барлық қызметкерлер үшін міндетті өкімдер мен бұйрықтар шығарады.
Ұйымды мемлекеттік органдарда, ұйымдарда және сотта білдіреді.
Медициналық этиканың, ішкі еңбек тәртібі талаптарының, аспаптарды, жабдықтар мен механизмдерді техникалық пайдаланудың орындалуын, өртке қарсы қауіпсіздік пен қауіпсіздік техникасының, санитариялық-эпидемиологиялық режимнің сақталуын қамтамасыз етеді.
Ұйымның уақтылы есептілігін қамтамасыз етеді.
Білуі керек:
Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 30 тамыздағы Конституциясы, Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Азаматтық кодексі,
Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексі, Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Кодексі,
Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Кодексі,
Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы "Мемлекеттік сатып алу туралы" заңы,
Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" заңы,
Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 11 шілдедегі " Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" заңы;
қазіргі заманғы басқару қызметінің стратегиялық және ұйымдастырушылық
аспектілері;
денсаулық сақтау ұйымдарының жоспарлы-экономикалық және қаржылық
қызметінің негіздері;
басқарудың экономикалық әдістері және ұйым қызметін талдау;
медициналық қызметтер нарығының конъюнктурасы;
денсаулық сақтаудағы адам ресурстарын басқарудағы үздік тәжірибелер;
халық денсаулығының жай-күйін сипаттайтын статистиканы, өлшемшарттар мен көрсеткіштері;
отандық медицинаның заманауи ғылыми жетістіктері;
денсаулық сақтауды басқарудағы үздік халықаралық тәжірибе;
еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өндірістік санитариялық және өртке қарсы қауіпсіздік қағидалары мен нормалары;
төтенше жағдайлар кезінде қызметті ұйымдастыру;
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:
"Денсаулық сақтау" дайындық бағыты бойынша жоғары білім және "Қоғамдық денсаулық сақтау", "Денсаулық сақтау менеджменті" мамандығы бойынша қайта дайындық туралы куәлік және (немесе) тиісті мамандық бойынша біліктілік санаттарын беру туралы куәлік; немесе "Денсаулық сақтау" дайындық бағыты бойынша жоғары білім және (немесе) "Бизнес, басқару және құқық"; немесе жоғары оқу орнынан кейінгі "Денсаулық сақтау" білім беру бағыты бойынша білім және (немесе) "Бизнес және
құқық"; немесе МВА executive немесе full time дәрежесі; денсаулық сақтау
саласындағы менеджер сертификатының болуы; денсаулық сақтау саласындағы басшылық лауазымдардағы жұмыс өтілі кемінде 3 жыл.
Конкурс Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 27.05.2020 жылғы №ҚР ДСМ-58/2020 «Денсаулық сақтау саласындағы байқау кеңесі бар шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның атқарушы органының немесе алқалы атқарушы органы басшысының функцияларын жеке-дара жүзеге асыратын басшының бос лауазымына конкурс өткізу қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес өткізіледі.
Конкурсқа қатысу туралы өтініштерді қабылдау мерзімі-«Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасы» ММ сайтында хабарландыру жарияланғаннан кейінгі 15 күнтізбелік күн ішінде тапсыра алады.
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген адамдар конкурсты жариялаған Кәсіпорынға хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына құжаттарды қабылдау мерзімі аяқталған күнге дейін электрондық түрде құжаттарды ұсынады. Құжаттардың түпнұсқалары әңгімелесу басталар алдында бір сағат бұрын кешіктірмей ұсынылады.
Конкурсқа қатысушылармен ұсынылатын құжаттар тізімі:
Конкурсқа қатысушы оның білімі, еңбек өтілі, кәсіби даярлығы туралы қосымша ақпарат бере алады (біліктілігін арттыру туралы құжаттардың көшірмелері, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми жарияланымдар, сондай-ақ алдыңғы жұмыс орнынан ұсыныстар және т.б.).