«Ақтөбе облысының ауылдық жеріне және кенттеріне, аудандық маңызы бар қалаларына жұмысқа жіберілген медицина және фармацевтика қызметкерлерін әлеуметтік қолдау көрсетудің тәртібі мен мөлшерін айқындау туралы»

«Ақтөбе облысының ауылдық жеріне және кенттеріне, аудандық маңызы бар қалаларына жұмысқа жіберілген медицина және фармацевтика қызметкерлерін әлеуметтік қолдау көрсетудің тәртібі мен мөлшерін айқындау туралы»  шешім жобасына

АНЫҚТАМА

 

Ақтөбе облыстық мәслихатымен «Ақтөбе облысының ауылдық жеріне жұмысқа жіберілген медицина және фармацевтика қызметкерлерін әлеуметтік қолдау шараларының жүйесін айқындау туралы» 2019 жылғы 11 желтоқсандағы № 490 шешімі «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйекте Кодекске сәйкес қабылданған. Алайда осы кодекстің күші жойлып, Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шiлдедегi № 360-VI ҚРЗ «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексі қолданысқа енгізілді.

Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексінің 12-бабының 1-тармағының 1) тармақшасы нормативтік құқықтық актіні қабылдау қажеттігінің негіздемесі болып табылады.

Осы нормативтік құқықтық акт келесі сайтта орналастырылған https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-densaulyk/documents/details/161439?lang=kk

Ақтөбе облысының Қоғамдық кеңесінің 2021 жылғы 27 сәуірдегі № 01-2/30 қорытындысы ұсынылды.

«Ақтөбе облысының ауылдық жеріне және кенттеріне, аудандық маңызы бар қалаларына жұмысқа жіберілген медицина және фармацевтика қызметкерлерін әлеуметтік қолдау көрсетудің тәртібі мен мөлшерін айқындау туралы» облыстық мәслихат шешімінің жобасы 2021 жылғы 04 ақпанда ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналастырылған. Қоғамдық қарау мерзімі 2021 жылғы 18 ақпанда аяқталды.

Дата публикации
30 апреля 2021