«Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде жоғары технологиялық медициналық көрсетілетін қызметтерді және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмекті алу үшін Ақтөбе облысының азаматтарына елді мекен шегінен тысқары жерлерге бюджет қаражаты есебінен тегін жол жүруді ұсыну туралы»

«Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде жоғары технологиялық медициналық көрсетілетін қызметтерді және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмекті алу үшін Ақтөбе облысының азаматтарына елді мекен шегінен тысқары жерлерге бюджет қаражаты есебінен тегін жол жүруді ұсыну туралы»  шешім жобасына

АНЫҚТАМА

 

Ақтөбе облыстық мәслихатымен «Азаматтарға емделу үшін елді мекен шегінен тысқары жерлерге бюджет қаражаты есебінен тегін жол жүруді ұсыну туралы» 2016 жылғы 17 тамыздағы №54 шешімі «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйекте Кедекске сәйкес қабылданған. Алайда осы кодекстің күші жойлып, Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі № 360-VI ҚРЗ «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодексі қолданысқа енгізілді.

«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексінің 12-бабының 1-тармағының 3) тармақшасы нормативтік құқықтық актіні қабылдау қажеттігінің негіздемесі болып табылады.

Осы нормативтік құқықтық акт келесі сайтта орналастырылған https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-densaulyk/documents/details/145170?lang=kk

Ақтөбе облысының Қоғамдық кеңесінің 2021 жылғы 27 сәуірдегі № 01-2/31 қорытындысы ұсынылды.

«Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде жоғары технологиялық медициналық көрсетілетін қызметтерді және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмекті алу үшін Ақтөбе облысының азаматтарына елді мекен шегінен тысқары жерлерге бюджет қаражаты есебінен тегін жол жүруді ұсыну туралы» облыстық мәслихат шешімінің жобасы 2021 жылғы 4 ақпанда ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналастырылған. Қоғамдық қарау мерзімі 2021 жылғы 18 ақпанда аяқталды.

Дата публикации
30 апреля 2021