«Ақтөбе облысы азаматтарының жекелеген санаттарына амбулаториялық емделу кезінде қосымша тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін, оның ішінде дәрілік заттарды, бейімделген емдік өнімдерді, медициналық бұйымдарды жергілікті бюджет қаражаты есебінен ұсыну туралы» шешімге

«Ақтөбе облысы азаматтарының жекелеген санаттарына амбулаториялық емделу кезінде қосымша тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін, оның ішінде дәрілік заттарды, бейімделген емдік өнімдерді, медициналық бұйымдарды жергілікті бюджет қаражаты есебінен ұсыну туралы»  шешімге

БАСПА-РЕЛИЗІ

 

Ақтөбе облыстық мәслихаттың «Азаматтардың жекелеген санаттарына амбулаториялық емделу  кезінде  дәрілік заттарды жергілікті бюджет қаражаты есебінен қосымша тегін беру туралы» 2013 жылғы 11 желтоқсандағы № 171 шешімі «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйект Кодекс сәйкес қабылданған. Алайда осы кодекстің күші жойлып Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шiлдедегi № 360-VI ҚРЗ «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексі қолданысқа енгізілді.

«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2020 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасы кодексінің 12-бабы 1-тармағының 5) тармақшасы нормативтік құқықтық актіні қабылдау қажеттігінің негіздемесі болып табылады.

Осы нормативтік құқықтық акт келесі сайтта орналастырылған https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-densaulyk/documents/details/145176?lang=kk

Ақтөбе облысының Қоғамдық кеңесінің 2021 жылғы 27 сәуірдегі № 01-2-29 қорытындысы ұсынылды.

«Ақтөбе облысы азаматтарының жекелеген санаттарына амбулаториялық емделу кезінде қосымша тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін, оның ішінде дәрілік заттарды, бейімделген емдік өнімдерді, медициналық бұйымдарды жергілікті бюджет қаражаты есебінен ұсыну туралы» облыстық мәслихат шешімінің жобасы 2021 жылғы 04 ақпанда ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналастырылған. Қоғамдық қарау мерзімі 2021 жылғы 18 ақпанда аяқталды.

Дата публикации
28 апреля 2021