Ақтөбе облысының ауылдық жеріне және кенттеріне, аудандық маңызы бар қалаларына жұмысқа жіберілген медицина және фармацевтика қызметкерлерін әлеуметтік қолдау көрсетудің тәртібі мен мөлшерін айқындау туралы

Ақтөбе облысының ауылдық жеріне және кенттеріне, аудандық маңызы бар қалаларына жұмысқа жіберілген медицина және фармацевтика қызметкерлерін әлеуметтік қолдау көрсетудің тәртібі мен мөлшерін айқындау туралы

Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексінің 12-бабының 1-тармағының 1) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы  23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабына сәйкес, Ақтөбе облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Ақтөбе облысының ауылдық жеріне және кенттеріне, аудандық маңызы бар қалаларына жұмысқа жiберiлген медицина және фармацевтика қызметкерлерiн әлеуметтiк қолдау шараларының жүйесi:                ауылдық жерге және кенттерге, аудандық маңызы бар қалаларға жұмыс істеу үшін жіберілетін медицина және фармацевтика қызметкерлерін әлеуметтік қолдау  1 500 000 (бір миллион бес жүз мың) теңге мөлшерінде бір жолғы төлем түрінде белгілеу жолымен айқындалсын.
  1. Ақтөбе облысының ауылдық жерге және кенттерге, аудандық маңызы бар қалаларға жұмысқа жiберiлген медицина және фармацевтика қызметкерлерiне бюджет қаражаты есебінен әлеуметтiк қолдау көрсетудiң тәртiбi мен мөлшері осы шешiмнiң қосымшасына сәйкес айқындалсын.
  2. Облыстық мәслихаттың 2019 жылғы 11 желтоқсандағы №490 «Ақтөбе облысының ауылдық жерге жұмысқа жiберiлген медицина және фармацевтика қызметкерлерiн әлеуметтiк қолдау шараларының жүйесiн айқындау туралы» шешімінің (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №6569 тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде 2019 жылғы 23 желтоқсанда жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
  3. Осы шешімнің орындалуын бақылау жетекшілік ететін облыс әкімінің орынбасарына және облыстық мәслихаттың әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасына жүктелсін.
  4. Облыстық мәслихат аппараты осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
  5. Осы шешiм оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiлсін.

 

 Облыстық мәслихаттың

2021 жылғы  «___» ___________

№ ____ шешіміне

қосымша

 

Ақтөбе облысының ауылдық жеріне және кенттеріне, аудандық маңызы бар қалаларына жұмысқа жiберiлген медицина және фармацевтика қызметкерлерiне бюджет қаражаты есебінен әлеуметтiк қолдау көрсету тәртiбi мен мөлшері

 

  1. Негiзгi ұғымдар:

1) әлеуметтiк қолдау көрсету жөнiндегi уәкiлеттi орган (бұдан әрi - уәкiлеттi орган) – «Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесі;

2) жұмыс берушi - медицина (фармацевтика) қызметкерiмен еңбек шартын жасасқан тиісті бюджеттен қаржыландырылатын денсаулық сақтау ұйымы;

3) ауылдық жерге және кенттерге, аудандық маңызы бар қалаларға жұмысқа жіберілген медицина қызметкерлері (бұдан әрі - қызметкерлер) - кәсіптік медициналық білімі бар және медициналық қызметті жүзеге асыратын, ауылдық жерге және кенттерге, аудандық маңызы бар қалаларға уәкілетті орган жұмысқа жіберген жеке тұлғалар;

4) ауылдық жерге және кенттерге, аудандық маңызы бар қалаларға жұмысқа жіберілген фармацевтика қызметкерлері (бұдан әрі - қызметкерлер) - жоғары фармацевтикалық білімі бар және фармацевтикалық қызметті жүзеге асыратын, ауылдық жерге және кенттерге, аудандық маңызы бар қалаларға уәкілетті орган жұмысқа жіберген жеке тұлғалар.

  1. Жұмыс берушiмен еңбек шарты жасалғаннан кейін 5 (бес) жылдан кем емес мерзімге ауылдық жерге және кенттерге, аудандық маңызы бар қалаларға жұмысқа жіберілген қызметкер біржолғы төлем ретіндегі әлеуметтiк көмек алу құқығына ие болады.

Осы бес жыл мерзіміне қызметкердiң бала күтуге байланысты еңбек ақысы сақталмайтын демалыста болған уақыты, сондай-ақ уақытша еңбекке жарамсыздық туралы парақпен куәландырылған екi айдан аса еңбекке жарамсыздық кезеңi кiрмейдi.

  1. Қызметкерге әлеуметтiк қолдау көрсету облыстық бюджеттiң қаражаты есебiнен iске асырылады.

  2. Уәкiлеттi орган денсаулық сақтау ұйымдарын кадрлық қамтамасыз ету мақсатында:

1) Ақтөбе облысының ауылдық жерлері мен кенттері, аудандық маңызы бар қалалары үшiн жекелеген мамандықтар бойынша медицина және фармацевтика кадрларына деген сұранысқа жыл сайын талдау жасайды;

2) медицина және фармацевтика қызметкерлерiнiң өтiнiштерiн, олардың бiлiктiлiгiн растайтын құжаттарын қабылдайды;

3) әлеуметтiк қолдауға мұқтаж қызметкерлердiң тiзiмiн жасайды;

4) ауылдық жерге және кенттерге, аудандық маңызы бар қалаларға жұмысқа жiберiлген қызметкерлерге әлеуметтiк қолдау көрсету мәселелерi бойынша түсiндiру жұмыстарын жүргiзедi.

  1. Уәкiлеттi органның жолдамасы бойынша жұмыс берушi қызметкермен Қазақстан Республикасы Еңбек кодексiнiң талаптарына сәйкес еңбек шартын жасайды.

  2. Қызметкер әлеуметтiк қолдау алу үшін әлеуметтік қолдау көрсету жөнiндегi уәкiлеттi органға жеке куәлігінің көшірмесін, жоғары білімі туралы дипломының көшірмесін, еңбек кітапшасының көшірмесін, мемлекеттік медицина ұйымына жұмысқа қабылдау туралы бұйрықтың көшірмесін, 3х4 фото (2 дана) тапсырады.

  3. Уәкілетті орган ауылдық жерде және кенттерде, аудандық маңызы бар қалаларда орналасқан бір медицина ұйымынан басқа медициналық ұйымға қызметкерді өндірістік қажеттілікке байланысты еңбек шартында көрсетілмеген және денсаулық жағдайы бойынша қайшы келмейтін жұмысқа ауыстыру туралы шешім қабылдаған жағдайда, жұмысшының әлеуметтік қолдау алу құқығы сақталады.

  4. Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес және тәртіппен еңбек шарты мерзiмiнен бұрын бұзылған жағдайда, уәкiлеттi орган бұрын аударылған қаражатты қайтару бойынша шаралар қабылдайды.

  5. Еңбек қатынастары мерзімінен бұрын бұзылған жағдайда, бұрын төленген ақшалай қаражатты қайтару еңбек шартында көрсетіледі.

  6. Жұмыс берушi қызметкердiң әлеуметтiк көмек алу құқығынан айырылған уақыттан бастап 10 күннен кешiктiрмей (жұмысшымен жеке еңбек шартын бұзған жағдайда) уәкiлеттi органды хабардар етуге мiндеттi.

  7. Уәкiлеттi орган еңбек шарты жасалғаннан кейін әлеуметтiк қолдау көрсету ретінде Ақтөбе облысының ауылдық жеріне және кенттеріне, аудандық маңызы бар қалаларына жұмысқа жiберiлген медицина және фармацевтика қызметкерлерiне 1 500 000 (бір миллион бес жүз мың) теңге көлемінде қаржыландыруды қызметкердің жеке шотына аудару жолымен жүзеге асырады.

  8. Осы Тәртiптiң орындалуын бақылауды уәкiлеттi орган жүзеге асырады.

 

Дата публикации
28 апреля 2021