«Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Қобда аудандық ауруханасы», мемлекеттік коммуналдық кәсіпорынының бас дәрігері бос орнына ашық конкурс жариялайды

«Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Қобда аудандық ауруханасы»,  мемлекеттік коммуналдық кәсіпорынының бас дәрігері  бос орнына ашық конкурс жариялайды

 1.Конкурс өткізу орны мен күні: «Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Қобда аудандық ауруханасы», конкурс өткізу туралы хабарландыру ресми бұқаралық ақпарат құралдарында немесе денсаулық сақтау саласындаға уәкілетті органының, интернет-ресурстарында жарияланғаннан кейінгі он бес күнтізбелік күннен соң.

  1. Кәсіпорындардың атауы, мекен-жайы:

ШЖҚ «Қобда аудандық ауруханасы» МКК, БИН: 03034000378; Ақтөбе облысы, Қобда ауданы, Қобда ауылы, Иманов көшесі, 1 үй, пошталық индекс 0310000, тел: 87134121193. 

  1. Кәсіопорынның егізгі қызметінің сипаттамасы: Халыққа амбулаторлық-емханалық, консультациялық-диагностикалық медициналық қызмет көрсету. Кең профильді және мамандандырылған аурухана қызметі.
  2. Кәсіпорын басшысының негізгі лауазымдық міндеттері:  Денсаулық сақтау ұйымының өндірістік, қаржы-шаруашылық қызметіне басшылық жасайды, қабылданатын басқарушылық шешімдерге, ұйым мүлкінің сақталуы мен тиімді пайдаланылуына, сондай-ақ қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижелеріне жауапты болады.
  3. Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар

"Денсаулық сақтау" дайындық бағыты бойынша жоғары білім және "Қоғамдық денсаулық сақтау", "Денсаулық сақтау менеджменті" мамандығы бойынша қайта дайындық туралы куәлік және (немесе) тиісті мамандық бойынша біліктілік санаттарын беру туралы куәліктер; немесе "Денсаулық сақтау" дайындық бағыты бойынша жоғары білім және (немесе) "Бизнес, басқару және құқық"; немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру "Денсаулық сақтау" және (немесе) "Бизнес және құқық" дайындық бағыты бойынша; немесе МВА executive немесе full time дәрежесі денсаулық сақтау саласындағы менеджер сертификатының болуы, денсаулық сақтау саласындағы басшылық лауазымдардағы жұмыс өтілі кемінде 2 жыл;

      медициналық қызметті (дәрігерлік практиканы) жүзеге асыру үшін - кәсіби құзыреттерінің болуы: дәрігердің біліктілігіне (бейіні бойынша) бірінші (жоғары) біліктілік санатына қойылатын жалпы талаптарға сәйкестігі, клиникалық практикаға жіберу үшін маман сертификаты.

Конкурс Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 27 мамырдағы №ҚР ДСМ-58/2020 «Денсаулық сақтау саласындағы байқау кеңесі бар шаруашылық жүргізу құқығндағы мемлекеттік кәсіпорынның атқарушы органының немесе алқалы атқарушы органы басшысының функцияларын жеке дара жүзеге асыратын басшысының бос лауазымына конкурс өткізу қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес өткізіледі.

  1. Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлғалардан құжаттарды қабылдауды бастау және аяқтау күні: 07.04.2021-22.04.2021жж.
  2. Конкурсқа ұсынылатын құжаттар тізімі:
  • конкурсқа қатысу туралы өтініш
  • еркін нысанда жазылған өмірбаян;
  • білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
  • еңбек кітапшасының немесе еңбек шартының көшірмесі не соңғы жұмыс орнынан жұмысқа қабылданғаны және еңбек шартының тоқтатылғаны туралы бұйрықтардың көшірмелері.
  • «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығы. (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 4 қарашада № 21579 болып тіркелді.) бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама.
  • Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің соттылығы жоқ екендігі туралы анықтама.

Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс өтіліне, кәсіби даярлық деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми жарияланымдар туралы құжаттардың көшірмелері, сондай-ақ бұрынғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар және т.с.) бере алады.

Әңгімелесу мынадай кезеңдерден тұрады:

      1) Кәсіпорынды дамыту таныстырылымы;

      2) кандидаттың құзыретін бағалау.

Кәсіпорынды дамыту таныстырылымы кезінде кандидат Кәсіпорынның негізгі мәселелеріне талдауды және оларды шешу үшін ұсынылатын шешімдерді ұсынады.

Құзыреттілікті бағалау кезінде негізгі нормативтік құқықтық актілер, денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік бағдарламалар, денсаулық сақтау саласының өзекті мәселелері және оларды шешу бойынша қабылданатын шаралар туралы білім деңгейі айқындалады.

Құжаттар төмендегідей мекен-жай бойынша қабылданады:

Ақтөбе облысы, Қобда ауданы, Қобда ауылы, Иманов көшесі, 1 үй, пошталық индекс 0310000, тел: 87134121193.

Дата публикации
12 апреля 2021