Ақтөбе облыстық мәслихатының «Ақтөбе облысы азаматтарының жекелеген санаттарына амбулаториялық емделу кезінде тегін шарттармен тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін, оның ішінде дәрілік заттарды, бейімделген емдік өнімдерді, медициналық бұйымдарды жергілікті бюджет қаражат есебінен қосымша беру туралы» шешім жобасына ТҮСІНДІРМЕ ЖАЗБА

Ақтөбе облыстық мәслихатының

«Ақтөбе облысы азаматтарының жекелеген санаттарына амбулаториялық емделу кезінде тегін шарттармен тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін, оның ішінде дәрілік заттарды, бейімделген емдік өнімдерді, медициналық бұйымдарды жергілікті бюджет қаражат есебінен қосымша беру туралы» шешім жобасына

ТҮСІНДІРМЕ ЖАЗБА

 

Ақтөбе облыстық мәслихатымен «Ақтөбе облысының ауылдық жеріне жұмысқа жіберілген медицина және фармацевтика қызметкерлерін әлеуметтік қолдау шараларының жүйесін айқындау туралы» 2019 жылғы 11 желтоқсандағы № 490 шешімінде (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6569 болып тіркелген, 2019 жылғы 23 желтоқсанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешім қабылдаңған болатын.

Аталған шешім «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйекте Кодекске сәйкес қабылданған. Алайда осы кодекстің күші жойлып, Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шiлдедегi № 360-VI ҚРЗ «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексі қолданысқа енгізілді.

Жоғарыда баяндалғанның негізінде «Ақтөбе облысы азаматтарының жекелеген санаттарына амбулаториялық емделу кезінде тегін шарттармен тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін, оның ішінде дәрілік заттарды, бейімделген емдік өнімдерді, медициналық бұйымдарды жергілікті бюджет қаражат есебінен қосымша беру туралы» Ақтөбе облысы мәслихатының шешім жобасын қолдауды сұраймыз.

Осы Ақтөбе облысы мәслихатының шешім жобасы Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына қайшы келмейді және құқықтық актілерге қойылатын талаптарға жауап береді.

 

 

Басқарма басшысы                                                                        Р. Исаев

Дата публикации
15 марта 2021