ТҮСІНДІРМЕ ЖАЗБА

Ақтөбе облыстық мәслихатының

«Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде жоғары технологиялық медициналық көрсетілетін қызметтерді және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмекті алу үшін Ақтөбе облысының азаматтарына елді мекен шегінен тысқары жерлерге бюджет қаражаты есебінен тегін жол жүруді ұсыну туралы» шешім жобасына

ТҮСІНДІРМЕ ЖАЗБА

 

Ақтөбе облыстық мәслихатымен «Ақтөбе облысының ауылдық жеріне жұмысқа жіберілген медицина және фармацевтика қызметкерлерін әлеуметтік қолдау шараларының жүйесін айқындау туралы» 2019 жылғы 11 желтоқсандағы № 490 шешімінде (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6569 болып тіркелген, 2019 жылғы 23 желтоқсанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) шешім қабылдаңған болатын.

Аталған шешім «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйекте Кодекске сәйкес қабылданған. Алайда осы кодекстің күші жойлып, Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шiлдедегi № 360-VI ҚРЗ «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексі қолданысқа енгізілді.

Жоғарыда баяндалғанның негізінде «Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде жоғары технологиялық медициналық көрсетілетін қызметтерді және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмекті алу үшін Ақтөбе облысының азаматтарына елді мекен шегінен тысқары жерлерге бюджет қаражаты есебінен тегін жол жүруді ұсыну туралы» Ақтөбе облысы мәслихатының шешім жобасын қолдауды сұраймыз.

Осы Ақтөбе облысы мәслихатының шешім жобасы Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына қайшы келмейді және құқықтық актілерге қойылатын талаптарға жауап береді.

 

Басқарма басшысы                                                                        Р. Исаев

 

Дата публикации
15 марта 2021