Ақтөбе облыстық мәслихатының Ш Е Ш І М І

жоба

 

Ақтөбе облыстық мәслихатының

Ш Е Ш І М І

Ақтөбе қаласы                        №                                  «____» _________ 2021 жыл

 

Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде жоғары технологиялық медициналық көрсетілетін қызметтерді және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмекті алу үшін Ақтөбе облысының азаматтарына елді мекен шегінен тысқары жерлерге бюджет қаражаты есебінен тегін жол жүруді ұсыну туралы

Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексінің 12-бабының                1-тармағының 3) тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының                              1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес, Ақтөбе облыстық                           мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Ақтөбе облысында тұратын, Қазақстан Республикасының азаматтарына тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде жоғары технологиялық медициналық көрсетілетін қызметтерді және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмекті алу үшін тұрақты тұратын елді мекен шегінен тысқары жерлерге бюджет қаражаты есебінен тегін жол жүру ұсынылсын.
  2. Облыстық мәслихаттың 2016 жылғы 17 тамыздағы №54 «Азаматтарға емделу үшін елді мекен шегінен тысқары жерлерге бюджет қаражаты есебінен тегін жол жүруді ұсыну туралы» шешімінің (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде №5073 тіркелген, 2016 жылғы 20 қыркүйекте «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
  3. Осы шешімнің орындалуын бақылау жетекшілік ететін облыс әкімінің орынбасарына және облыстық мәслихаттың әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасына жүктелсін.
  4. Осы шешiм оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

 

Облыстық мәслихаттың                               Облыстық сессия төрағасы        мәслихаттың хатшысы

 

Дата публикации
15 марта 2021