Сібір жарасы мен туляремияның алдын алуға арналған дәрілік заттарды тендер тәсілімен сатып алуды өткізу туралы ХАБАРЛАНДЫРУ

Сібір жарасы мен туляремияның алдын алуға арналған дәрілік заттарды тендер тәсілімен сатып алуды өткізу туралы

ХАБАРЛАНДЫРУ

"Ақтөбе облысының Денсаулық сақтау басқармасы" ММ, мекенжайы: 030010, ҚР Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы, Әбілқайыр хан даңғылы, 40, банктік деректемелері: СТН/СТН: 061800016659 БСН/БСН 970440000708, ТҚК/ЖСК KZ11070102KSN0601000, БСК/БСК KKMFKZ2A, ҚР ҚМ Қазынашылық комитеті ММ Астана қаласы, мм кфр Қазынашылық комитеті, кбе12 Тел. 8(7132) 54-68-72 эл.мекен-жайы: zdrav_2014@mail.kz 2021 жылға арналған тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 қазандағы № 1729 қаулысымен бекітілген Дәрілік заттарды, медициналық бұйымдар мен фармацевтикалық қызметтерді сатып алуды ұйымдастыру және өткізу қағидаларына сәйкес Сібір жарасы мен туляремияның алдын алуға арналған дәрілік заттарды тендер тәсілімен сатып алуды өткізу туралы хабарлайды.

Сібір жарасы мен туляремияның алдын алу үшін сатып алынатын дәрілік заттардың атауы жеткізу көлемі, орны, сатып алу үшін бөлінген сомалар, жеткізу мерзімдері тендерлік құжаттамада көрсетілген.

Тендерлік құжаттаманың пакетін 2021 жылғы "25" ақпанға дейін мына мекенжай бойынша электрондық пошта арқылы алуға болады: medzakup@mail.kz жазбаша сұраныс бойынша, Мекен-жайы: Ақтөбе қаласы, Әбілқайыр хан даңғылы, 40 каб. № 613, уақыты сағат 09.00-ден 18.30-ға дейін немесе Ақтөбе облысы Денсаулық сақтау басқармасының ресми сайтында.

Тендерлік өтінімдерді ұсынудың соңғы мерзімі 2021 жылғы 25 ақпан сағат 10.00-ге дейін.

Тендерлік өтінімдер салынған конверттер 2021 жылғы 25 ақпанда сағат 11-30-да мына мекен-жай бойынша ашылады: Ақтөбе қаласы, Әбілқайыр хан даңғылы, 40 каб. № 630.

Әлеуетті өнім берушілер тендерлік өтінімдер салынған конверттерді ашу кезінде қатыса алады.

Қосымша ақпарат пен анықтаманы 8(7132) 54-09-84 телефоны бойынша алуға болады.

Дата публикации
05 февраля 2021