Ақтөбе облысы бойынша COVID-19 инфекциясының эпидемиологиялық жағдайы туралы

Ақтөбе облысы бойынша COVID-19 инфекциясының эпидемиологиялық жағдайы туралы

Ақтөбе облысы аумағы бойынша  эпидемиологиялық жағдай тұрақты.

24.01.2021 жылы бір тәулікте КВИ-мен ауырған 9 жағдай тіркелді, оның  ішінде  ауру симптомдары бар - 6 (Ақтөбе қаласы-5, Алға ауданы-1), симптомсыз - 3 (Ақтөбе қаласы-2, Шалқар  ауданы-1).  Аурушаңдықтың   өсу  деңгейі – 0,2% құрайды.

Жалпы, облыста КВИ-мен ауырған 3898  жағдай тіркелді, оның ішінде 50,2%-ы ауру белгілерімен (1958) және 49,7%-ы симптомсыз (1940) жағдай.

Ақтөбе қаласында – 2775 жағдай, оның ішінде (1212 симптомсыз);

Әйтеке би – 21 (8);

Алға – 107 (79);

Байғанин – 58 (35);

Ырғыз – 54 (38);

Қобда – 15 (13);

Қарғалы – 62 (40);

Мәртөк – 151 (64);

Мұғалжар – 192 (138);

Темір – 197 (161);

Ойыл – 21 (10);

Хромтау – 131 (69);

Шалқар ауданы – 114 (66).

3712 (95,2%) науқас жазылып шықты. 

Жалпы  тіркелген  3898  науқастың 3,5% (138) сырттан әкелінген, 15,1% (592) ауру адаммен қарым-қатынаста болғандар, 81,2% (3168) жергілікті жағдайлар, оның ішінде 27,1% (1057) профилактикалық мақсатта тексерілгендер.

Қазіргі таңда үй карантиніне 355  адам алынып, оларға медициналық бақылау жүргізілуде. 

Ақтөбе облысы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз қызметі

Дата публикации
25 января 2021