«Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ЕРЕЖЕ

 Ақтөбе облысы әкімдігінің
2021 жылғы «____» __________

 № ____ қаулысына қосымша

 

«Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасы»

мемлекеттік мекемесі туралы Ереже

 

1-тарау. Жалпы ережелер

 

  1. Осы «Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің Ережесі (бұдан әрі – Ереже) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 590 «Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы» қаулысына сәйкес әзірленді және «Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің мәртебесін және өкілеттігін айқындайды.

         «Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесі денсаулық сақтау саласында мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік орган болып табылады.

  1. «Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің филиалдары мен өкілдіктері жоқ.
  2. «Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
             4. «Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесі мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, оның рәміздері мен айырым белгілері (бар болса), Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрлері және атауы қазақ және орыс тілдерінде жазылған мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.
  3. «Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарды өз атынан жасайды.
  4. «Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген жағдайда ол мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.
  5. «Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен «Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
  6. «Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесі құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.
  7. Мемлекеттік мекеменің орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, 030010, Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы, Астана ауданы, Әбілқайыр хан даңғылы, 40 үй.
  8. Осы Ереже «Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
  9. «Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес республикалық және жергілікті бюджеттерден, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бюджетінен (шығыстар сметасынан) жүзеге асырылады.
  10. «Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен «Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан шарттық қарым-қатынас жасауға тыйым салынады.

Егер «Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кіріс, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.

        

2-тарау. Мемлекеттік органның мақсаттары мен өкілеттіктері

 

  1. Мақсаттары:

1) денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;

2) Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау саласындағы заңнамасының орындалуын қамтамасыз етеді;

3) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде азаматтарды медициналық көмекпен және дәрілік заттармен қамтамасыз етеді;

4) денсаулық сақтау субъектілері қызметінің мониторингі мен бақылауын ұйымдастыру және жүзеге асырады.

  1. Өкілеттіктері:

1) құқықтары:

Басқармаға жүктелген функциялар мен тапсырмаларды орындау үшін тиісті мемлекеттік билік органдарынан, ведомстволық бағынысты аймақта орналасқан меншік нысанынан тәуелсіз өзге ұйымдар мен кәсіпорындардан және жеке тұлғалардан өз құзыреті шегінде қажетті ақпараттарды сұратады және алады;

Басқарманың құзыретіне қатысты мәселелерді шешу бойынша ұсыныстарды облыс әкіміне және облыстық мәслихатқа талқылауға енгізеді;
         гендерлік және отбасылық-демографиялық саясатты іске асыру және қалыптастыру жөніндегі мәселелерді қарастырады;

облыс әкімі және әкімдігі актілерінің жобаларын дайындауға қатысады;
         денсаулық сақтау жүйесінің негізгі қорларын жетілдіру, дамыту және сақтау шараларын жүзеге асырады;

Қазақстан Республикасының заңнамаларына және Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік-құқықтық актілеріне сәйкес құқықтарын жүзеге асырады.

2) міндеттері:

облыс аумағында денсаулық сақтау жүйесінің қызметін реттейтін Қазақстан Республикасының және облыс әкімінің заңдары мен басқа да нормативтік және құқықтық актілерінің талаптарын сақтайды;

белгіленген ұлттық стандарттарды сақтай отырып, тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуді қоса алғанда, халыққа білікті және мамандандырылған медициналық көмек көрсетуді, оның ішінде әлеуметтік мәні бар аурулардың және айналадағылар үшін қауіп төндіретін аурулардың профилактикасын және оларды емдеуді ұйымдастырады;

облыстың медициналық ұйымдарының қаржы-шаруашылық қызметінің жай-күйіне бақылауды жүзеге асырады;

өз құзыреті шегінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жұмыстарын жүзеге асырады;

Қазақстан Республикасының заңнамасына және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік-құқықтық актілеріне сәйкес құқықтарды жүзеге асырады.

  1. Функциялары:

         1) денсаулық сақтау аумағында мемлекеттік саясатты жүзеге асырады және денсаулық сақтау аймақтық бағдарламаларын жүзеге асырады;

         2) денсаулық сақтау саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамаларын орындауды қамтамасыз етеді;

         3) уақытша адаптация мен детоксикация бойынша медициналық қызметтерді қоса алғанда, азаматтардың тегін медициналық көмектің кепілді көлемін алуға құқығын қамтамасыз етеді;

         4) денсаулық сақтау субъектілерінің қызметіне бақылау мен мониторингті ұйымдастырады және жүзеге асырады;

         5) Қазақстан Республикасы Үкіметімен белгіленген тәртіппен тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету бойынша медициналық және фармацевтикалық қызметтерді сатып алуды жүзеге асырады;
         6) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде дәрілік заттарды, профилактикалық (иммундық-биологиялық, диагностикалық, дезинфекциялайтын) препараттарды, медициналық бұйымдарды сатып алуды және сақтауды жүзеге асырады;

         7) медициналық бұйымдарды, санитариялық көлікті, сондай-ақ мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарына күрделі жөндеу жүргізуге көрсетілетін қызметтерді сатып алуды ұйымдастырады;

         8) өңірді денсаулық сақтау саласындағы кадрлармен қамтамасыз етуді ұйымдастырады;
         9) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарына сәйкес мемлекеттік медициналық ұйымдарды күтіп-ұстауды және пайдалануды қамтамасыз етеді;

10) денсаулық сақтау саласындағы өңірлік электрондық ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелердің, ақпараттық-коммуникациялық желілердің құрылуы мен жұмыс істеуін қамтамасыз етеді;

11) денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымдары үшін денсаулық сақтау саласындағы коммуналдық заңды тұлғалардағы клиникалық базаларды береді;

12) төтенше ахуалдар кезінде тегін медициналық көмек көрсетуді, дәрілік заттармен және медициналық бұйымдармен қамтамасыз етуді ұйымдастырады;

13) денсаулық сақтау саласындағы кадрларды даярлау және олардың бiлiктiлiгiн арттыру жөнiндегi қызметтi ұйымдастырады және үйлестiредi;

14) гигиеналық оқытуды, саламатты өмір салты мен дұрыс тамақтануды насихаттау мен қалыптастыруды ұйымдастырады;

15) халыққа әлеуметтік мәні бар аурулардың және айналасындағылар үшін қауіп төндіретін аурулардың таралуы туралы ақпарат береді;

16) Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулығын сақтау мәселелері бойынша халықаралық және үкіметтік емес қоғамдық бірлестіктермен өзара іс-қимыл жасайды;

17) статистикалық әдіснама талаптарын сақтай отырып, тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде денсаулық сақтау саласындағы ведомстволық статистикалық байқауды жүзеге асырады;

18) әскери қызметтің мүддесінде Қазақстан Республикасының азаматтарын медициналық куәландырудан өткізу үшін құрылатын медициналық комиссиялардың дербес құрамын әзірлеп, бекітеді және олардың қызметін ұйымдастырады;

19) уәкілетті органға денсаулық сақтау жүйесін дамытудың мемлекеттік бағдарламаларын орындау бойынша, сондай-ақ денсаулық сақтаудың негізгі сандық және сапалық көрсеткіштері бойынша тоқсан сайынғы есепті ұсынады;

20) қолданыстағы заңнамаға сәйкес ішкі мемлекеттік қаржылық бақылауды жүзеге асырады;

21) Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 13 шілдедегі № 416 «Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы» заңына сәйкес терроризм орын алған жағдайда алғашқы медициналық көмек көрсету ережесі бойынша халықты және медицина қызметкерлерін үйретуді бақылауды және мониторинг жүргізуді ұйымдастырады сондай-ақ, білікті медициналық көмек көрсету мақсатында медициналық құрамалармен қамтамасыз етеді;

22) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде дәрі-дәрмектік қамтамасыз етуді қоса алғанда, халыққа медициналық көмек көрсетуді, оның ішінде әлеуметтік мәні бар аурулардың және айналасындағыларға қауіп төндіретін аурулардың профилактикасын және емделуін ұйымдастырады;

23) уәкілетті органға тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде денсаулық сақтау жүйесінің қызметін жақсарту жөнінде, оның ішінде медициналық-санитариялық алғашқы көмекті дамыту, ана мен баланы қорғау және әлеуметтік мәні бар аурулар бойынша бағдарламаны іске асыру жөнінде ұсыныс енгізеді;

24) уәкілетті органмен келісу бойынша мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарының басшыларын кадрмен қамтамасыз етуді ұйымдастырады;

25) халыққа профилактикалық екпелерді ұйымдастырады және жүргізеді;

26) уәкілетті органмен келісу бойынша денсаулық сақтау инфрақұрылымын дамытудың өңірлік перспективалық жоспарын әзірлейді және бекітуге енгізеді;

27) бақылайтын саладағы қоғамдық қолдауды қалыптастырады және қоғамдық бірлестіктермен өзара іс-әрекет жасайды;

28) өз құзыреті шегінде тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз етеді;

29) жергілікті мемлекеттік органның мүддесінде оған Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы заңнамасымен жүктелген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.    

 

3-тарау. Мемлекеттік органның басшысының мәртебесі, өкілеттіктері

 

  1. «Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесін басқаруды басшы жүзеге асырады, ол«Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесін жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болады.
  2. «Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалады және лауазымнан босатылады.
  3. «Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын орынбасарлары болады.
  4. «Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысының өкілеттіктері:

1) бөлім басшыларын, бас және жетекші мамандарды, мемлекеттік қызметкер емес жұмысшыларды қызметке тағайындайды және қызметтен босатады, марапаттайды және тәртіптік жаза қолдана алады;

2) Қазақстан Республикасының заңына сәйкес ведомстволық бағыныстағы ұйымдардың басшыларын және олардың орынбасарларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады, марапаттайды және тәртіптік жаза қолдана алады;

3) «Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесін мемлекеттік органдарда және басқа ұйымдарда таныстырады;

4) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс–әрекетке бағытталған шаралар қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралардың қабылдауына жеке дара жауапты болады;

5) бұйрықтарға қол қояды.

«Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.

  1. Басшы өз орынбасарларының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес айқындайды.

 

4-тарау. Мемлекеттік органның мүлкі

 

  1. «Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.

«Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесі мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

  1. «Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесінде бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
  2. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, «Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесі өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне берілген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

 

5-тарау. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

 

  1. «Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 «Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің қарамағындағы мемлекеттік заңды тұлғалардың тізбесі

 

  1. «Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «№1 Қалалық емханасы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны;
  2. «Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «№2 Қалалық емханасы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны;
  3. «Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «№3 Қалалық емханасы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны;
  4. «Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «№4 Қалалық емханасы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны;
  5. «Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «№5 Қалалық емханасы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны;
  6. «Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «№6 Қалалық емханасы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны;
  7. «Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «№7 Қалалық емханасы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны;
  8. «Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Облыстық балалар стоматологиялық емханасы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны;
  9. «Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Арнайы медициналық жабдықтау базасы» мемлекеттік коммуналдық мекемесі;
  10. «Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Медициналық жедел жәрдем ауруханасы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны;
  11. «Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Ақтөбе медициналық орталығы» (Aktobe medical center)  мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны;
  12. «Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Облыстық клиникалық инфекциялық ауруханасы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны;
  13. «Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Қарғалы қалалық ауруханасы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны;
  14. «Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Әйтеке би аудандық ауруханасы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны;
  15. «Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Алға аудандық ауруханасы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны;
  16. «Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Байғанин аудандық ауруханасы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны;
  17. «Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Ырғыз аудандық ауруханасы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны;
  18. «Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Қарғалы аудандық ауруханасы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны;
  19. «Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Мәртөк аудандық ауруханасы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны;
  20. «Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Мұғалжар аудандық ауруханасы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны;
  21. «Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Ембі аудандық ауруханасы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны;
  22. «Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Қобда аудандық ауруханасы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны;
  23. «Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Темір аудандық ауруханасы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны;
  24. «Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Ойыл аудандық ауруханасы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны;
  25. «Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Хромтау аудандық ауруханасы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны;
  26. «Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Шалқар аудандық ауруханасы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны;
  27. «Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Үміт» сәби үйі» мемлекеттік мекемесі;
  28. «Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Ақтөбе облыстық фтизиопульмонология орталығы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны;
  29. «Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Облыстық психикалық денсаулық орталығы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны;
  30. «Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Облыстық тері-венерология диспансері» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны;
  31. «Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Отбасылық медицина орталығы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны;
  32. «Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Облыстық перинаталдық орталығы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны;
  33. «Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Облыстық ЖИТС алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталығы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны;
  34. «Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Облыстық қан орталығы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны;
  35. «Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Облыстық жедел және шұғыл медициналық бекеті» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны;
  36. «Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Облыстық патологоанатомиялық бюросы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны;
  37. «Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Кеңес одағының батыры Мәншүк Мәметова атындағы Ақтөбе жоғары медициналық колледжі» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны;
  38. «Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Көпсалалы қалалық балалар ауруханасы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны;
  39. «Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Аяла» балаларды оңалту орталығы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны;
  40. «Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Ана мен баланы қорғау орталығы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны.
Дата публикации
22 декабря 2021