Ш. Берсиев атындағы Ақтөбе жоғары политехникалық колледжінің директоры тағайындалды

Ш. Берсиев атындағы Ақтөбе жоғары политехникалық колледжінің директоры тағайындалды

 Ш. Берсиев атындағы Ақтөбе жоғары аграрлық-техникалық колледжінің директоры лауазымына Жаржанов Сертай Қуандықұлы тағайындалды.
Білімі – жоғары. Қ. Жұбанов атындағы мемлекеттік университетті 1998 жылы тарих пәнінің мұғалімі, 2004 жылы құқықтану мамандықтары бойынша тәмамдаған.
Еңбек жолын 1993 жылы Құдықсай орта мектебінде тарих пәнінің мұғалімі болып бастаған. Кейін осы мектептің директоры, Құдықсай, Ақжар ауылдық округтерінің әкімі, №3 Хромтау орта мектебінің директоры, Хромтау аудандық білім бөлімінің басшысы, аудандық «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары, білім басқармасы басшысының орынбасары қызметтерін атқарған.
Осы лауазымға тағайындалғанға дейін Ақтөбе мұнай және газ колледжінің директоры болған.