Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен Оқу-ағарту министрлігі «Біртұтас тәрбие бағдарламасын» әзірлеген болатын

Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен Оқу-ағарту министрлігі «Біртұтас тәрбие бағдарламасын» әзірлеген болатын
Соған сәйкес ұлттық, адами құндылықтарға негізделген бірыңғай тәрбие жоспары бекітілді. Еліміздегі, облыстағы барлық білім шаңырақтарындағы тәрбие жұмыстары үш бағыт — «Ұлттық мүдде», «Ар-ұят», «Талап» құндылықтары бойынша жүзеге асырылып жатыр. Бағдарламаны жүзеге асыру аясында өңірдің барлық мектебінде «Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығы» құрылып, жұмысын бастады.
Біз облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Нұргүл Бертілеуовадан орталық жұмыстары туралы білген едік…
 
Отбасы құндылығы — тәрбие негізі
 
— Мемлекетбасшысы Қасым Жомарт Тоқаев Түркістанда өткен «Әділетті Қазақстан—Адал азамат» атты Ұлттық құрылтайда мектептегі тәрбие жұмыстарының ақсап тұрғанын, қазіргі жас ұрпақ интернет арқылы тәрбие алып жатқанын айтқан-ды. «Ашығын айтсақ, қазір жас ұрпақ әлеуметтік желі арқылы тәрбие алып жатыр. Баланы дұрыс бағытқа бұрып, жол көрсетіп отырмасақ, бұл — өте қауіпті үрдіс. Ғаламтор арқылы жат діни ағымдардың құрығына түскен жастар да бар. Ұрпақтың бойында жаман әдет болса, бұл — ең алдымен, үлкендердің кінәсі. Біз жастарды жаһанданудың қатерлі ықпалынан барынша сақтауға міндеттіміз. Мектептегі тәрбие жұмысы ақсап тұр. Соңғы кезде оқушылардың бір-біріне қысым, зорлық-зомбылық, әлімжеттік көрсетуі жиі болып кетті. Кейде балалардың қатыгездігі жан түршіктіреді», —деп, білім беру ұйымдарында жүргізіліп жатқан тәрбие жұмыстарының сапасының сынкөтермейтінінайтқан болатын.Осыған байланысты министрлік «Біртұтас тәрбие бағдарламасын»әзірледі, арнайы жоспар бекітілді.
 
Жалғасын Ақтөбе газетінің сайтынан оқи аласыздар