Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті білім беру саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне, оның ішінде білім беру ұйымдарының бюджет қаражатын жұмсауына сыртқы талдау жүргізді. Талдау барысында сыбайлас жемқорлық тәуекелдері мен келешекте бұзушылықтардың алдын алу шараларын талап ететін мәселелер анықталды.
Жоғарыда аталған жағдайларға байланысты Ақтөбе облысының білім беру жүйесінде қаржылық менеджмент пен кадрларды іріктеуді орталықтандыру бойынша пилоттық бағдарламаны іске қосу жоспарлануда. Бұл орталықтандырылған модельді құрудағы мақсат – бюджет қаражатын пайдалану тиімділігін арттыру, мемлекеттік сатып алу рәсімдерін жеңілдету, сыбайлас жемқорлықтың, заңсыз төлемдердің және басқа да қаржылық теріс әрекеттердің алдын алу.
Осы орайда біз қызығушылық танытатын мүдделі түлғалардан техникалық қолдау көрсету және осы саланы дамыту, сондай-ақ ықтимал ынтымақтастық туралы ұсыныстарын жіберуді сұраймыз. Ұсыныстарды 2023 жылдың 10 тамызына дейін zh.sultan.kz@gmail.com электрондық поштасына жіберулеріңіз сұралады.