
Бүгін білім басқармасы басшысы Жайық Сұлтанның төрағалығымен Ақтөбе облысы білім басқармасы жанындағы алқажиын отырысы өтті. Жиында 2022-2023 оқу жылының қорытындысы талқыланып, алдағы жартыжылдыққа жаңа міндеттер мен саланы дамыту мәселелері қаралды.
Отырысқа алқажиын мүшелері, аудандық, қалалық білім бөлімдерінің, білім беру ұйымдарының басшылары қатысты.
Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында жүргізілген ревизиялық комиссияның зерделеуінің қорытындысы туралы бухгалтерлік есеп және есептілік бөлімінің басшысы Алмагүл Толыбаева баяндама жасаса, Оқушылар арасында республикалық, облыстық пәндік олимпиадалардың қорытындылары туралы «Ақтөбе-Дарын» өңірлік қосымша білім беру ғылыми-әдістемелік орталығының директоры Жания Есенжолова тоқталды. Сонымен қатар, Халықаралық және қазақстандық білім жетістіктерін зерттеудің қорытындысы туралы мектепке дейінгі және орта білім беру бөлімінің бас маманы Дина Орнова ақпарат берсе, Жеке және заңды тұлғалар тарапынан түскен жолданымдарды қарау тәртібі және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу бойынша атқарылып жатырған жұмыстар туралы әкімшілік жұмыстар, персоналды басқару және педагог кадрлармен жұмыс бөлімнің басшысы Арсен Хасен баяндады.
«Басқарма алдағы уақытта алға қойған мақсаттарын орындап, мұғалімдер мен оқушыларға жағдай жасауға барын салады деп сенім білдіремін», - деген басқарма басшысы Жайық Сұлтан бірқатар тиісті тапсырмалар жүктеді.