
Оқу– ағарту министрінің тапсырмасына сәйкес 12 - 19 мамыр аралығында Ақтөбе облысының білім беру ұйымдарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында оқу-жаттығулары өтті.
Оқу-жаттығуларына облыстың барлық мемлекеттік және жекеменшік мектептердің оқушылары, педагогтар мен білім беру ұйымдарының қызметкерлері қатысты.
Оқу-жаттығу аясында келесі іс-шаралар өткізілді:
- бекітілген алгоритмдерге (іс-қимылдар мен міндеттер) сәйкес мектеп персоналына, оның ішінде күзет ұйымдарының қызметкерлеріне нұсқама беру;
- алгоритмдерге сәйкес мектеп оқушыларына нұсқау беру;
- қызметкерлер мен оқушыларды эвакуациялау бойынша оқу-жаттығу сабақтарын ұйымдастыру;
- техникалық құралдардың (дабыл түймесі, турникеттер және бейнекамералар) жұмыс істеуін, сондай-ақ жеке күзет ұйымдары дабыл түймелері арқылы шақырылған жағдайда олардың жедел әрекет етуін тексеру.
Айта кетсек, ағымдағы жылдың 15 мамыр күні Полиция, Төтенше жағдайлар департаментері өкілдерінің қатысуымен ақпараттық-түсіндіру жұмыстары өткізілді.