ХИМИЯ ЖӘНЕ БИОЛОГИЯ ПӘНДЕРІ БОЙЫНША 7-8 КЛАСС ОҚУШЫЛАРЫ АРАСЫНДАҒЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЖАСӨСПІРІМДЕР ОЛИМПИАДАСЫНДА АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ ҚҰРАМА КОМАНДАСЫ II ОРЫН ИЕЛЕНДІ

ХИМИЯ ЖӘНЕ БИОЛОГИЯ ПӘНДЕРІ БОЙЫНША 7-8 КЛАСС ОҚУШЫЛАРЫ АРАСЫНДАҒЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЖАСӨСПІРІМДЕР ОЛИМПИАДАСЫНДА АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ ҚҰРАМА КОМАНДАСЫ II ОРЫН ИЕЛЕНДІ

2023 жылғы 26-28 сәуір аралығында Астана қаласында өткен химия және биология пәндері бойынша 7-8 класс оқушылары арасындағы республикалық жасөспірімдер олимпиадасында Ақтөбе облысының құрама командасы ІІ орынға ие болып, 1 алтын, 4 күміс, 3 қола  медальдарымен марапатталды!
І орын 
Жаксылыков Аңсар - Дарынды жасөспірімдерге арналған мамандандырылған «Білім-инновация» лицей-интернатының 8-класс оқушысы, химия пәні;
ІІ орын 
Іскендір Алихан - Дарынды жасөспірімдерге арналған мамандандырылған «Білім-инновация» лицей-интернатының 7-класс оқушысы, химия пәні;
Тілеген Дилара - Құсайынов атындағы Ақтөбе облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған лицей-интернатының 7-класс оқушысы, биология пәні;
Сәбитова Мөлдір – Ақтөбе қаласы, «Кемел-Білім» мектеп-интернатының 8-класс оқушысы, биология пәні;
Жармуханова Лаура - Ақтөбе қаласы, №11 орта мектеп-гимназиясының 7-класс оқушысы, биология пәні;
ІІІ орын
Болат Эльдана - Ақтөбе қаласы, №9 орта мектеп-гимназиясының 8-класс оқушысы, химия пәні;
Бизат Бағлан - Дарынды жасөспірімдерге арналған мамандандырылған «Білім-инновация» лицей-интернатының 8-класс оқушысы, биология пәні;
Акжанбеков Нурдаулет - Дарынды жасөспірімдерге арналған мамандандырылған «Білім-инновация» лицей-интернатының 7-класс оқушысы, химия пәні.