ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН ПӘНДЕР БОЙЫНША РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОЛИМПИАДАНЫҢ ТӨРТІНШІ КЕЗЕҢІ БАСТАЛДЫ

ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН ПӘНДЕР БОЙЫНША РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОЛИМПИАДАНЫҢ ТӨРТІНШІ КЕЗЕҢІ БАСТАЛДЫ

  Бүгін жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың төртінші кезеңі басталды. Облыстық білім басқармасының басшысы Жайық Сұлтан №56 орта мектепке барып, олимпиаданың ұйымдастырылуымен танысты. Сондай-ақ, басқарма басшысы мектеп директорымен кездесіп, білім беру саласына қатысты бірқатар жоспарымен бөлісті.
  Айта кетсек, олимпиада классикалық олимпиадалық тапсырмалар түрінде екі турда қашықтан өткізіледі.
  «1 компьютер – 1 оқушы – 1 камера» қағидаты бойынша өткізілетін олимпиаданың республикалық кезеңіне Ақтөбе облысы бойынша 34 оқушы қатысады. Оның ішінде 2 оқушы аудан оқушылары.
  Конкурстың ашықтығын және академиялық адалдықты сақтау мақсатында YouTube арнасында тікелей эфир жүргізіледі.