Өткен оқу тоқсанында дәстүрлі форматта 18594 (11,6%) контингенті бар 222 (53,7%) мектеп білім берді. Қашықтан 141 114 (88,4%) контингенті бар 191 (46,3%) мектеп жұмыс жасады, оның ішінде 39880 оқушы 3122 кезекші класта білім алды.
2 тоқсаннан бастап контингенті 300 оқушыға дейінгі 222 мектеп (53,7%) мектеп штаттық режимде білім беруде. Оқушылар контингенті-18 640 оқушы.
191 (46,3 %) мектеп қашықтан білім береді, ондағы оқушылар саны 141 034.
1-4 сыныптың оқушыларының ата-аналардың өтініштері бойынша 3432 кезекші топта 44 499 (28%) оқушы білім алады.
Мұғалімдердің цифрлық сауаттылығын арттыру және білім беру платформаларында жұмыс жасау дағдыларын жетілдіру мақсатында облыстың 15 мыңнан астам педагогтеріне қысқа мерзімді біліктілікті арттыру курстары ұйымдастырылды.
Сонымен қатар, Облыстық ғылыми-тәжірибелік орталықтың ұйымдастыруымен мектептің информатика пәні мұғалімдері платформаларда жұмыс жасаудың практикалық жағын пысықтады. Әр информатика пәні мұғалімі өз мектебінің пән мұғалімдеріне практикалық семинар ұйымдастыруда.
Педагогтердің қашықтықтан оқыту әдістемесін меңгеруіне жағдай жасау мақсатында Steptik.kz платформасында өткізілген тегін онлайн-курсқа облыс педагогтері түгелдей дерлік қатысты.