Меню

Страницы

Статья

Орта білім беру

Облыста білім беру қызметін413 жалпы білім беретін мектепжүзеге асырады, олардағы бала саны – 159 674.   

Соның ішінде:

- 403– мемлекеттік, олардағы оқушы саны – 157873

- 10 –жеке, олардағы оқушы саны –1801

- 2 – кешкі (ауысымды), олардағы оқушы саны –90.

2020-2021 оқу жылында барлық мектептердің 11-сынып оқушылары жаңартылған білім беру бағдарламасы бойынша білім алуға көшті. Мектептердің барлық сыныптары жаңа бағдарлама бойынша білім алуда.

«Назарбаев зияткерлік мектебі» дербес білім беру ұйымының «Педагогикалық шеберлік орталығы» және «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» базасында жаңартылған білім беру мазмұны аясында біліктілік арттыру курстары ұйымдастырылды.  

 Оқыту барысында 12463 педагог қамтылды. Аталған мұғалімдер жаңартылған мазмұн бойынша сабақ бергені үшін 30% қосымша үстемақы алады. Әр ауданда жаңартылған білім мазмұнына қолдау көрсететін 104 жетекші мектеп бекітілді, оларға  магниттік мектептер тіркелді.

Дарынды балалармен жұмыс

Облыста дарынды жастарды қолдау бойынша жұмыстар жүргізілуде.

«Ақтөбе-Дарын» өңірлік ғылыми-тәжірибелік қосымша білім беру орталығының жанында республикалық, халықаралық интеллектуалдық байқауларға дайындау мақсатында ашылған облыстық «Жалын» олимпиадалық резерв мектебі мен ғылыми-зерттеу зертханаларында Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің ғалымдары 12 жыл қатарынан нәтижелі еңбек етіп, олимпиада жеңімпаздарын тәрбиелеп шығаруда.

ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог –Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Жолдауын жүзеге асыру жөніндегі Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының 55-тармағына сәйкес ауылдық жерде тұратын, сондай-ақ жағдайы төмен және көп балалы отбасылардан шыққан дарынды балаларды анықтау жүйесін енгізу және оларға қолдау көрсету мен қабілетін дамыту бойынша  жол картасы дайындалды.

2020 жылдың қыркүйек –қазан айларында ауыл балаларының қатысуымен 12 шара өткізілді. Оларға барлығы 366 ауыл баласы қатысып, 117-сі жеңімпаз атанды (3 облыстық интеллектуалдық олимпиадаға барлығы 140 оқушы қатысса, оның 49-ы ауыл баласы; 3 спорттық жарыстарға қатысқан 170 жас спортшының  88-і ауыл мектебінде оқиды; 6 облыстық шығармашылық байқауға қатысқан 588 баланың 229-ы ауыл дарынды жастары, оның ішінде жеңімпаздар саны  - 60).

         ҚР Тұңғыш Президенті- Елбасы Қорының «Ел үміті» әлеуметтік бастамасы аясында жүзеге асырылып жатқан «Елбасы медалі» жобасына қазіргі таңда  Ақтөбе облысынан 318 қатысушы қатысып,  байқаудың  алтын (14), күміс ( 9), қола (295) деңгейлі кезеңдерінен өтуде.

        «Мың бала» ұлттық зияткерлік олимпиадасының 138 қатысушысы  қазіргі таңда  ҚР Тұңғыш Президенті- Елбасы Қорының платформасы арқылы онлайн мектепте тегін білім алуда.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы    12 қазандағы № 564 бұйрығымен бекітілген Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларының  25-тармағына сай  6 класс жеңімпаздары  ағымдағы  жылғы   5-9 қыркүйегі аралығында еліміздегі дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектептерге қалауы бойынша өтінім тапсырып, Мәртөк ауданы Хазретовка ОМ-нің оқушысы Әділ Қонай, Шалқар ауданы Б.Сүлейменов атындағы ОМ-нің оқушысы Өмірбек Бердібек  Дарынды жасөспірімдерге арналған Ақтөбе облыстық мамандандырылған «Білім-инновация» лицей-интернатына қабылданды. 

       Тұңғыш Президент Н.Назарбаевтың бастамасымен жүзеге асқан «Ел Үміті» жобасының аясында ұйымдастырылған "Birge oqy" онлайн  мектебінде  Ақтөбе  облысы бойынша – 138( 5 класс-63, 6 класс-75)  оқушы білім алуда.

 

Дата публикации
17 ноября 2020
Дата обновления
17 ноября 2020
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

14 августа 2026
Ақтөбе облысының білім басқармасы ММ-нің 2026-2028 жылдарға арналған бюджеті туралы ақпарат
03 июня 2026
30.04.2026 жылға арналған 4-20 нысаның кассалық атқарылуы туралы есеп
10 апреля 2026
"Ақтөбе облысының білім басқармасы" ММ бойынша 2025 жылғы 1 желтоқсанға бюджеттің орындалуы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы