Меню

Страницы

Статья

Білім алуға ерекше қажеттіліктері бар балалар туралы ақпарат

Бүгінгі күні Ақтөбе облысында 6370 білім алуға ерекше қажеттіліктері бар балалар тәрбиеленеді.

Облыста ерекше балаларға 3 психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация (есепте 6370 бала), 1 оңалту орталығы (120 бала), 14 психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеттері (1061 бала) және 1 балалар сауықтыру лагері түзетім көмекті көрсетеді.

Ерекше балалар 3 арнайы балабақшада (515 бала), 4 арнайы мектепте (546 бала), 116 инклюзивті балабақшада (1238 бала), 282 инклюзивті мектептерде (2225 бала) және 3 колледжде (120 бала) білім алуда. Осылайша, инклюзивтік біліммен 3583 бала (56,2%) қамтылды.

2020 жылы облыста 2 психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеті ашылды. Аталған кабинеттермен қосымша 195 бала қамтылды.

1238 ерекше бала жалпы балабақшаларда мектепке дейінгі біліммен қамтылды. Ағымдағы жылы жалпы балабақшаларда шамамен 90 ерекше баланы қамтитын 6 арнайы топты ашу бойынша жұмыстар жүргізілуде.

«Назарбаев Университетпен» бірлесіп жүзеге асырылған жоба шеңберінде облыстың 200 педагог арнайы курстарда оқытылды.

177 балабақшада арнайы дайындалған мамандар қызмет етуде және «Кедергісіз қолжетімділік» құрылған.

2225 ерекше бала жалпы білім беру мектептерінде білім алуда.

Инклюзивтік білім беруді дамыту мәселесінің шешімі жалпы білім беру мектептерінде инклюзивтік білім беруді қолдау бойынша ресурстық кабинеттерді ашу болып табылады.

2018-2019 жылдары Ақтөбе қаласында инклюзивтік білім беруді қолдау бойынша 6 кабинет ашылды. 2020 жылы барлық аудандарда осындай кабинеттер ашылуда.

303 мектепте арнайы дайындалған мамандар қызмет етуде. Ағымдағы жылы білім алуға ерекше қажеттіліктері бар балаларға арналған 3442 дана оқу-әдістемелік құралдар алынды.

 

Дата публикации
17 ноября 2020
Дата обновления
17 ноября 2020
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

14 августа 2026
Ақтөбе облысының білім басқармасы ММ-нің 2026-2028 жылдарға арналған бюджеті туралы ақпарат
03 июня 2026
30.04.2026 жылға арналған 4-20 нысаның кассалық атқарылуы туралы есеп
10 апреля 2026
"Ақтөбе облысының білім басқармасы" ММ бойынша 2026 жылғы 1 сәуірге бюджеттің орындалуы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы