Меню

Страницы

Статья

Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту

Облыста 42 427 контингенті бар 540 мектепке дейінгі ұйым жұмыс жасайды,  оның ішінде 380-сы (контингент – 38 484 ) –балабақша, 160  (3943) –  шағын орталық.

1 мен 6 жас аралығындағы балаларды қамту – 86,1%, 3-6 жас аралығындағы балаларды балабақшамен қамту – 100 %.

          Ел Президенті Жолдауын орындау мақсатында аудандық білім бөлімдерімен балаларды ерте жастан мектепке дейінгі тәрбие және оқытумен қамту бойынша біршама шаралар қабылданды.  Облыстың 9 ауданында 1-ден 3 жас аралығындағы балаларды қамту облыс көрсеткішінен жоғары (облыстық көрсеткіш – 53,4%). Осы жұмысты нәтижелі жасаған Қобда (99%), Байғанин (99%), Ырғыз (79,8%), Мәртөк (79,8%)  аудандары.

         Жеке мектепке дейінгі ұйымдардағы орындардың үлесі облыста ұсынылған жалпы орын санының 33,3%-ын құрайды. Казіргі кезде облыс бойынша контингенті 14 133 баланы құрайтын 154 жекеменшік мектепке дейінгі ұйым қызмет жасайды, оның ішінде 99%-ы мемлекеттік тапсырыс арқылы барып жүр.

         Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту үшін мемлекеттік тапсырыс орналастыру соңғы үш жылда жекеменшік балабақша желісін 23,3%-ға немесе 118-дан 154 бірлікке арттыруға әсерін тигізді (2018 жылы – 118 б., 2019 жылы -128 б., 2020 жылы – 154 б).

         Мектепке дейінгі білім беру саласына бизнесті тарту бойынша белсенді жұмыстар атқарылуда. 2020 жылы ашылған 19 мектепке дейінгі ұйымдардың 16-сы немесе 84,2%-ы жекеменшік сектормен ашылған. 

         Балаларды мектепке дейінгі ұйымдармен қамтамасыз етудің өзекті мәселесі Ақтөбе қаласында орын алып отыр. Облыста мектепке дейінгі ұйымдардан орын алу кезегіне   9649 бала тіркелген (2019 ж. – 10 196 бала), соның ішінде Ақтөбе қаласында – 4399 бала (жалпы кезектіліктің 45,5%). Өткен жылмен салыстырғанда кезекке тіркелгендер саны  547 балаға азайған.

         2021 жылы мектепке дейінгі ұйымдарды ашу және енгізудің қадамдық жоспарына сәйкес  3585 орынға арналған 26 мектепке дейінгі ұйым ашу жоспарланған, соның ішінде 3000 орындық 20 МДҰ Ақтөбе қаласында ашылуы қажет.

         Облыстың мектепке дейінгі ұйымдарындағы 3527 педагогикалық қызметкердің 2956-нің (83,8%)  «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту» мамандығы бойынша жоғары және орта арнаулы білімі бар.

         Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту саласында кадрдың сапалық құрамының жақсару динамикасы байқалады. Егер 2018 жылы тәрбиешілердің 67,3%-ының ғана мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту саласында арнаулы кәсіби даярлығы бар болса.  2018 жылы бұл көрсеткіш 83,8%-ға жетті (ҚР-73,4%).

Дата публикации
12 ноября 2020
Дата обновления
12 ноября 2020
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

14 августа 2026
Ақтөбе облысының білім басқармасы ММ-нің 2026-2028 жылдарға арналған бюджеті туралы ақпарат
03 июня 2026
30.04.2026 жылға арналған 4-20 нысаның кассалық атқарылуы туралы есеп
10 апреля 2026
"Ақтөбе облысының білім басқармасы" ММ бойынша 2025 жылғы 1 желтоқсанға бюджеттің орындалуы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы