Меню

Страницы

Статья

Барлық мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері арасында бос мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасуға ішкі конкурс туралы хабарландыру

Барлық мемлекеттік органдардың мемлекеттік

қызметшілері арасында бос мемлекеттік әкімшілік лауазымға

 орналасуға ішкі конкурс туралы хабарландыру

 

«Ақтөбе қаласының білім бөлімі» ММ

 

Барлықконкурсқақатысушыларғақойылатынжалпыбіліктілікталаптары:

 

«Ақтөбе қаласының білім бөлімі» ММ, 030002, Ақтөбе қаласы, Ы.Алтынсарин көшесі, 2, анықтама үшін телефоны: 8(7132)417115, факс: 8(7132)417115,e-mail:g.zarlykova@aktobe.gov.kz;мемлекеттік қызметшілер арасында «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға ішкі конкурс жариялайды:

 

«Ақтөбе қаласының білім бөлімі» ММ балалардың құқығын қорғау секторының бас маманы (негізгі қызметкердің 2022 жылғы 17 маусымғабала күтіміне байланысты  демалысы кезіне,№06-2), Е-R-4 санаты, 1 бірлік.

Лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты 95210теңгеден 128834теңгеге дейін.

Функционалдық міндеттері:ата-анасының қамқорысыз қалған балалардың есебін жүргізу және бақылау, бала мүддесін қорғауды қамтамасыз ету, қамқоршылар мен қорғаншылар әрекетін бақылауды жүзеге асыру, ата-аналар құқығынан айыруға немесе шектеуге, асырап алудың жарамсыздығын алып тастау немесе мақұлдауға байланысты істер қаралған кезде сотқа қатысу, басшылық жүктеген басқа да өкілеттіліктерді жүзеге асыру.

 

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Білімі мен мамандығы бойынша талаптар:

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі «білім», құқық (құқықтану), жаратылыстану ғылымдары, гуманитарлық ғылымдар, әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (психология, әлеуметтану, мемлекеттік және жергілікті басқару, жобаны басқару)білім, мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік«білім», құқық (құқықтану), жаратылыстану ғылымдары, гуманитарлық ғылымдар, әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (психология, әлеуметтану, мемлекеттік және жергілікті басқару, жобаны басқару)білімі барларға рұқсат етіледі.

 

Қажетті құзыреттер бойынша талаптар:

мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

Жұмыс тәжірибесі бойынша талаптар:

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгібілім болған жағдайда жұмыс тәжірибесіталап етілмейді.

Ішкі конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

1) осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш;

2) тиісті персоналды басқару қызметі құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік 30 күн ішінде растаған мемлекеттік қызметшінің қызметтік тізімі.

Құжаттардың толық емес пакетін немесе дәйексіз мәліметтерді ұсыну  конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Әңгімелесу өткізу күні: 2020 жылы 8 шілде.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабы 8-тармағының 3 бөлігіне сәйкес, осы мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілері арасындағы ішкі конкурсқа осы мемлекеттік органнан шығарылған адам ғана қатысуға құқылы.

Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткiзетiнмемлекеттiк органға құжаттарын электронды түрде «Е-қызмет» интегралдыақпараттық жүйесі не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы нехабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына құжаттардықабылдау мерзімінде тапсырады.

Құжаттар конкурс өткiзу туралы хабарландыру жарияланғаннан күннен кейін келесі жұмыс күнінен бастап 3 жұмыс күннің ішінде тапсырылуы тиіс.

Конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны әңгімелесуге кандидаттарды жіберу туралы оларды хабардар еткен күннен бастап үш жұмыс күн ішінде «Ақтөбе қаласы әкімінің аппараты» ММ өтеді.Бұл ретте, әңгімелесуге жіберілген кандидаттар конкурстық комиссия шешім қабылдаған күннен кейін бір жұмыс күн ішінде және әңгімелесу өтетін күнге дейін бір жұмыс күннен кешіктірмей әңгімелесу, сондай-аққажет болған жағдайда кандидаттарды іріктеудің басқа құралдарын өткізу күні туралы хабарланады. Хабарландыру қатысушылардың телефондары бойынша немесе электрондық мекенжайларына және ұялы телефондарына ақпарат жіберу жолымен жүзеге асырылады.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде он сегіз жасқа толған Қазақстан Республикасының азаматтары, оның ішінде мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның жұмыскерлері қатыса алады.

Байқаушылар әңгімелесу процесінде кандидаттарға сұрақтар қоймайды. Байқаушыларға конкурс комиссиясының жұмысына кедергі келтіретін іс-әрекеттер жасауға, кандидаттардың жеке басы деректеріне қатысты мәліметтерді жариялауға, кандидаттар қатысатын конкурс рәсімдерінде олардың техникалық жазба құралдарын қолдануға жол берілмейді.

Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін адам әңгімелесу басталғанға дейін екі сағаттан кешіктірмей персоналды басқару қызметін (кадр қызметін) хабардар етеді.Хабардар ету конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген телефон бойынша немесе электронды пошта бойынша жүзеге асырылады.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаментіне Әбілқайыр хан даңғылы, 40 (анықтама телефоны: 54-56-57 немесе 8-705-202-06-70) мекен-жайы бойынша, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының немесе персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) шешiмiне шағымдана алады.

Конкурс комиссиясының шешімі қабылданған күннен бастап бес жұмыс күнненкешіктірмей уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне конкурс комиссиясының немесе персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) шешіміне шағым беру, уәкiлеттi органның немесе оның аумақтық бөлiмшесiнiң келіп түскен шағым бойынша тиісті шешім қабылдауына дейін конкурс комиссиясының шешімінің қолданылуын тоқтата тұруға негіз болып табылады.

Дата публикации
30 сентября 2020
Дата обновления
30 сентября 2020
Тип
Хабарлама

Сейчас читают

14 августа 2026
Ақтөбе облысының білім басқармасы ММ-нің 2026-2028 жылдарға арналған бюджеті туралы ақпарат
03 июня 2026
30.04.2026 жылға арналған 4-20 нысаның кассалық атқарылуы туралы есеп
10 апреля 2026
"Ақтөбе облысының білім басқармасы" ММ бойынша 2026 жылғы 1 сәуірге бюджеттің орындалуы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы