Орта білім беру саласында қашықтан оқытуды ұйымдастыру
6 сәуірден бастап Ақтөбе облысындағы 402 мектептің 151058 білім алушысы үшін қашықтан білім беру енгізілді.
Қашықтан оқыту 2 тетік бойынша жүргізілуде.
Біріншіден,16770 оқушы (11%) телевизиялық сабақтар арқылы оқуда. Интернет желісіне қосылу мүмкіндіктері бойынша кері байланыс «Күнделік» электрондық журналы, WhatsApp мессенджері, ұялы байланыс және алдын ала дайындалған тапсырмалар курьер арқылы қағаз тасымалдағышта жасалады.
Екіншіден,134 288 (89%) оқушыға қолжетімді Bilimland.kz, daryn.online.kz, kundelik.kz, School.ozin-ozi-tanu.kz
Жергілікті «Қазақстан AQTOмBE» телеарнасында 07.04.2020 ж. бастап «Балапан» каналындағы телесабақтар сағат 9.00-14.00. аралығында көрсетілуде.
Басқарма тарапынан облыс педагогтерінің әзірлеген 1-11 класс оқушылары үшін бейнесабақтары Білім басқармасының You tube каналына апта сайын жүктеліп отыр.
Қашықтан білім беру технологиялары негізінде оқу процесін ұйымдастыру бойынша білім алушылар, ата-аналар, жұртшылық арасында білім басқармасының әлеуметтік желілерінде ақпараттар орналастыру және басқарма басшысы мен орынбасарларының, облыстық ғылыми-әдістемелік орталық, «Дарын» ғылыми-практикалық орталығы директорлары мен мамандарының тікелей эфирге шығуы арқылы ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Педагогтер мен оқытушылар үшін онлайн форматта 5 қысқа мерзімді курс, 194 вебинар өткізілді.
Басқармада, аудандық және қалалық білім бөлімдерінде 14 caLL-орталық іске қосылды, 42 қызметкер жұмыс жасайды.