Меню

Страницы

Статья

Қосымша білім беру

2025-2026 оқу жылында өңірде балалардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру мақсатында 49 мемлекеттік қосымша білім беру ұйымы жұмыс жасайды (3 оқушылар сарайы мен академия, 3 оқушылар үйі, 7 балалар шығармашылық үйлері, орталықтары мен кешендері, 11 балалар музыка мектебі, 6 балалар өнер мектебі, 4 көркемсурет лицейі мен мектебі, 10 аула клубы, 3 жас экологтар, туристер мен өлкетанушылар орталығы, 1 балалар техникалық мектебі, 1 ұшқыштар мектебі).
Аталған ұйымдарда 953 үйірме жұмыс істейді, оның 540-ы (56,7%) – тегін, 413-і (43,3%) – ақылы. Бұл үйірмелерге 35997 бала қамтылған. Оның ішінде 22 725 бала (63,2%) тегін, 13 272 бала (36,8%) ақылы үйірмелерге қатысады. Тегін үйірмелерге қатысатын балалардың 40%-ын (9090 оқушы) әлеуметтік осал санаттағы отбасылардан шыққан балалар құрайды.
Ақылы үйірмелердің бағасы 1200 теңгеден 15 000 теңгеге дейін, ауылдық жерлерде және аудан орталықтарында орташа құны 5000 теңгеден аспайды.
Сонымен қатар үйірмелер мемлекеттік тапсырыс арқылы де жүзеге асырылуда. ҚР Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 27 тамыздағы №381 бұйрығына сәйкес қосымша білім беруге аудандарда мемлекеттік тапсырыс орналастырылды.
Балаларды тегін үйірмемен қамтамасыз ету үшін 6 бағыттағы 31 үйірмеге 3000 балаға мемлекеттік тапсырыс орналастырылды.
Бір балаға қызмет көрсетудің орташа құны – 14 442 теңге.
Сонымен қатар, 2025 жылғы 1 маусымнан бастап Ақтөбе қаласында балаларға қосымша білім беру саласында бірыңғай ваучерлік қаржыландыру жүйесін енгізу жөніндегі пилоттық жоба іске қосылды.
Облыс әкімдігінің 18.06.2025ж. №107 қаулысы қабылданды. Кәсіпкерлердің ұсынысы негізінде түзету коэффициенттері ұлғайтылды. Базалық тариф 4,5 АЕК болып белгіленді, 8 санат (19463 теңге) бойынша түзету коэффициенті 1 болады.
2 санат (мүмкіндігі шектеулі балалар) бойынша (29195 теңге) көлемі өзгерді (түзету коэффициенті 1,5).
Қазіргі уақытта Ақтөбе қаласында 3 бағыт (білім, шығармашылық, спорт) бойынша 9507 бала мемлекеттік ваучерлік тапсырыс арқылы қосымша біліммен қамтылған. Үш бағыттағы үйірмелер бірін-бірі қайталамайды. Порталда балаларға қызметті 159 кәсіпкер көрсетеді. Кезекте 15 мыңнан астам бала тұр.
Мемлекеттік тапсырыс және ваучерлік қаржыландыру Darabala платформасында жүзеге асырылуда.

Дата публикации
15 июля 2020
Дата обновления
13 апреля 2026
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

14 августа 2026
Ақтөбе облысының білім басқармасы ММ-нің 2026-2028 жылдарға арналған бюджеті туралы ақпарат
03 июня 2026
30.04.2026 жылға арналған 4-20 нысаның кассалық атқарылуы туралы есеп
10 апреля 2026
"Ақтөбе облысының білім басқармасы" ММ бойынша 2025 жылғы 1 желтоқсанға бюджеттің орындалуы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы