Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығының ұйымдастыруымен 2023 жылғы 11 сәуірде техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының педагогтері арасындағы ауылшаруашылық саласы бойынша республикалық кәсіби шеберлік конкурсының облыстық іріктеу кезеңі өткізілді.
Конкурс мақсаты ауылшаруашылық саласы бойынша ТжКББ ұйымдарының дарынды және шығармашылық педагогтерін анықтау және қолдау, педагогикалық шеберлікті жетілдіру.
Облыстық іріктеу кезеңінің қорытындысы бойынша қазан айында Жамбыл облысында өтетін республикалық кезеңге «Агрономия» құзыреттілігі бойынша Ещанова Гульнар Жалгасовна, «Ветеринария» құзыреттілігі бойынша Қуанов Дәуренбек Сұлтанғалиұлы Шығанақ Берсиев атындағы Ақтөбе жоғары ауыл шаруашылығы колледжінің арнайы пән оқытушыларына жолдама берілді.
Облыстық кезеңде жеңіске жеткен педагогтерді құттықтаймыз және республикалық кезеңде жеңіс тұғырынан көрінуіне тілектеспіз.