Меню

Страницы

Статья

Ақтөбе облысында WorldSkills Aktobe - 2023 аймақтық чемпионаты өтті

2023 жылдың 24-28 сәуір аралығында Ақтөбе облысында WorldSkills Aktobe - 2023 аймақтық чемпионаты өтті.

«WorldSkills» жобасы – бұл көптеген елдерде және соның ішінде бізде, Қазақстанда ауқымды мемлекеттік қолдауға ие, бүкіл дүниежүзіне кең таралған, халықаралық қозғалыс!

Чемпионаттың негізгі мақсаты – бұл Еңбек адамының мәртебесін дәріптеу және жұмысшы мамандықтардың беделін арттыру, шеберлік дағдыларын дамыту.

Ақтөбе облысы WorldSkills Kazakhstan жұмысшы мамандықтарының мәртебесін арттыру бойынша халықаралық қозғалысты 2015 жылы бастады, биылғы жылы сегізінші рет чемпионат өткізілді.

Бүгінгі күні Ақтөбе облысында техникалық және кәсіптік білім берудегі негізгі міндеттің бірі – бұл кәсіпорынмен байланыс, себебі оқуға түсе отырып, әрбір студент қай жерден практикадан өтетінін ғана емес және сонымен бірге ол оқуды бітіргеннен кейін қайда жұмысқа баратынын білуі қажет.

Биылғы жылы өңірлік чемпионат 66 құзыреттілік бойынша өткізілді: Веб-дизайн, Электрожөндеу, Аспаздық ісі, Шаштараздық өнер, Дәнекерлеу технологиясы, Киімді модельдеу және дизайн, Мехатроника және Тас қалау, т.б. Жеңімпаздар республикалық чемпионатта Ақтөбе облысының құрамасын таныстыратын болады.

Чемпионатқа 18 бен 22 жас аралығындағы 300-ге жуық жас болашақ кәсіпқой мамандар қатысты. Бұлар – облыстағы колледждердің бітіруші топтарының студенттері.

Байқау Ш.Берсиев атындағы Ақтөбе Жоғары ауылшаруашылық колледж аумағында өтті.

Конкурстың сарапшылары әлеуметтік әріптес кәсіпорындардың жетекші мамандары болып табылды.

Чемпионатқа қатысу техникалық және кәсіптік білім беру жүйесіне жастарды тартуда және оқытудың мотивациясын арттыруда оң нәтижесін беретін таза бәсекелестікті дамытады және сайыстық рухты қалыптастырады.

 

 

Дата публикации
19 июня 2023
Дата обновления
19 июня 2023
Тип

Сейчас читают

14 августа 2026
Ақтөбе облысының білім басқармасы ММ-нің 2026-2028 жылдарға арналған бюджеті туралы ақпарат
03 июня 2026
30.04.2026 жылға арналған 4-20 нысаның кассалық атқарылуы туралы есеп
10 апреля 2026
"Ақтөбе облысының білім басқармасы" ММ бойынша 2026 жылғы 1 сәуірге бюджеттің орындалуы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы