2026 жылдың 1-ші жарты жылдығына жүргізілген онлайн бюджеттік мониторинг қорытындысы бойынша

Ақтөбе облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит Департаментімен 2026 жылдың 1 тоқсанында онлайн бюджеттік мониторинг жүргізілген. Нәтижесінде білім саласы бойынша жалпы сомасы 6090,9 мың теңгені құрайтын қаржылық бұзушылықтар анықталған. Атап айтқанда:

-        "Жайсаң арнайы білім беру ұйымы" КММ-де 2023-2025 жылдар аралығында жалпы сомасы 5116,4 мың теңге мөлшерінде еңбекақының негізсіз артық аударылған. Қазіргі таңда бюджетке 311,5 мың теңге көлемінде қаражат қайтарылды. Нұсқаманы орындау мерзімі 27.04.2026ж.

-        «Байғанин ауданының білім бөлімі» ММ-де, мұғалім  Д.А.Молдабекованың   карт-шотына 2024 жылдың наурыз айында жалпы сомасы 68,0 мың теңге еңбекке жарамсыздық жәрдемақысы артық аударылған.

-        «Ақтөбе қаласының білім бөлімі» ММ-нің «№26 орта мектебі» КММ-нің мұғалімі З.С.Акшулакованың карт-шотына 2026 жылдың қаңтар айында қосымша сағаттарды енгізу барысында, 2 сағаттың орнына 66 сағат бекітіліп, мектеп қызметкеріне 670,7 мың теңге еңбекақы артық төленген.

-        “Қобда ауданының білім бөлімі” ММ-де, мұғалім А.М.Укибасоваға 2025 жылдың қараша, желтоқсан, 2026 жылдың қаңтар айларында еңбекке жарамсыз уақыты кезінде 2025 жылдың желтоқсан айында 235,8 мың теңге еңбекақысы артық аударылған.

 Бюджетке өндірілгені - 615,3 мың теңге және 670,7 мың теңге 2026 жылдың қаржы жылын тиесілі болуына байланысты, мекеме шотына қайтарылған.

Қалған 4804,9 мың теңге "Жайсаң арнайы білім беру ұйымы" КММ-сі бойынша өтелмеген қаражат. Аталған бұзушылықтарға жол берген мекеме есепшілері тәртіптік жауапкершілікке тартылды.        

Сондай-ақ мекеме башыларының да тәртіптік жауапкершідіктері қаралатын болады.

Дата публикации
16 апреля 2026