2025 жылға арналған Білім басқармасында жүргізілген аудит туралы ақпарат

  • Ақтөбе облысы бойынша Ақтөбе облысы бойынша тексеру комиссиясымен 2025 жылдың қазан-қараша айларында техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында бюджет қаражатының тиімді пайдаланылуына Ақтөбе облысы бойынша Тексеру комиссиясы аудиторлық іс-шаралар жүргізлді.

 Аудитпен 2023, 2024 және 2025 жылдың жарты жылдығы қамтылды. Қамтылған бюджет қаражатының жалпы көлемі 45 млрд. 167 млн. 800 мың теңгені құрады.

Жүргізілген аудит қортындысымен  жалпы сомасы 3 млрд. 046 млн теңгеге бұзушылық анықталды немесе бұл бар қамтылған қаражаттың - 6,7%.

Тексеру барысында кәсіпорындардың даму жоспарларының жасалуының дұрыстығы, бұйрыққа сәйкестігі тексерілген болатын. Кәсіпорындардың Е-қазына ақпараттық жүйесіне жүктелген даму жоспарлары ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрінің №18 бұйрығына сәйкес толықтырылмаған немесе кәсіпорынның негізі қызметі, кәсіпорынның мақсаттары мен міндеттері, тікелей және түпкілікті көрсеткіштері толытырламағн. Сонымен қатар, даму жоспарының есебі де толық толтырлмай тапсырылған, есеп мәліметтерді толық қамтымайды.

2) Сонымен қатар Ақтөбе облысы бойынша тексеру комиссиясымен 2025 жылдың қыркүйек-желтоқсан айларында 003 бюджеттік бағдарламасымен ерекше білім беру қажеттіліктері бар арнайы білім беру ұймдары мен  015 бюджеттік бағдарламасымен «Ақтөбе «Мейірім» жастарды әлеуметтік бейімдеу орталығы» КММ, «Аяла» арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж балаларды қолдау орталығы» КММ бюджет қаражатының жұмсалуының тиімділігіне бақылау жүргізілді.

Аудиторлық іс-шара шеңберінде 7 аудит объектісіне аудит жүргізілді.

Аудиторлық іс-шарамен қамтылған қаражаттың және активтердің көлемі 5 304 554,1 мың теңгені құрады. Анықталған бұзушылықтардың жалпы сомасы 206 722,2  мың теңгені құрады, оның ішінде:

1) қаржылық бұзушылықтар 88 355,7 мың теңге, оның өтелуге жататыны 86 593,7 мың теңге,  қалпына келтіруге 1 762,0 мың теңге;

2) тиімсіз жоспарланған бюджет қаражаттары бойынша 82 604,3  мың теңге;

3) тиімсіз пайдаланған бюджет  қаражаттары бойынша 35 762,2  мың теңге;

4)  рәсімдік бұзушылықтар 45 (қырық бес) бірлік.

Функционалдық міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін  жауапты лауазымды тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Ұрлық және сыбайлас жемқорлық сипатындағы құқықбұзушылықтар анықталған жоқ.

 

 

Дата публикации
09 апреля 2026