Ақтөбе облысы әкімдігінің 2023 жылғы 24 тамыздағы № 221 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілді:
«1. Облыстық бюджет қаражаты есебінен Ақтөбе облысының мектепке дейінгі ұйымдарында келесі жекелеген санаттағы балаларға тамақтану құнының 100% мөлшерінде тамақтандыру ұйымдастырылсын:
жетім балаларға және ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға;
мүгедектігі бар балаларға;
атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан шыққан балаларға, сондай-ақ мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы орташа табысы ең төмен күнкөріс деңгейінен төмен отбасылардан шыққан балаларға;
атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар көпбалалы отбасылардан шыққан балаларға, сондай-ақ мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы орташа табысы ең төмен күнкөріс деңгейінен төмен көпбалалы отбасылардан шыққан балаларға.».