«2025-2026 оқу жылына Ақтөбе облысының жекеменшік білім беру ұйымдарында орта білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы» Ақтөбе облысы әкімдігінің 2026 жылғы 21 қаңтардағы № 12 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Ақтөбе облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. «2025-2026 оқу жылына Ақтөбе облысының жекеменшік білім беру ұйымдарында орта білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы» Ақтөбе облысы әкімдігінің 2026 жылғы 21 қаңтардағы № 12 қаулысына  мынадай өзгеріс енгізілсін:

көрсетілген қаулының 1-қосымшасы осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

  1. «Ақтөбе облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы қаулыны қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

2) осы қаулыны оны ресми жариялағаннан кейін Ақтөбе облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

  1. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақтөбе облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
  2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

Лауазымы

 

Аты-жөні



Дата публикации
23 января 2026