«Көрсетілетін қызметті алушылар бойынша дербестендірілген қаржыландыруды ескере отырып, қосымша білім беруге бірыңғай мемлекеттік тапсырысты (қосымша білім беруге шығармашылық және спорттық, білім беру тапсырыстары) бекіту туралы» Ақтөбе облысы әкімдігінің 2025 жылғы 4 шілдедегі № 126 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Ақтөбе облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. «Көрсетілетін қызметті алушылар бойынша дербестендірілген қаржыландыруды ескере отырып, қосымша білім беруге бірыңғай мемлекеттік тапсырысты (қосымша білім беруге шығармашылық және спорттық, білім беру тапсырыстары) бекіту туралы» Ақтөбе облысы әкімдігінің 2025 жылғы 4 шілдедегі № 126 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:

көрсетілген қаулының 1,2-қосымшалары осы қаулыға қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

  1. «Ақтөбе облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы қаулыны қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

2) осы қаулыны оны ресми жариялағаннан кейін Ақтөбе облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

  1. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақтөбе облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
  2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

Лауазымы

 

Аты-жөні

Дата публикации
13 января 2026