«Ақтөбе облысы бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға 2025-2026 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы» Ақтөбе облысы әкімдігінің 2025 жылғы 12 қыркүйектегі № 181 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Ақтөбе облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. «Ақтөбе облысы бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға 2025-2026 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы» Ақтөбе облысы әкімдігінің 2025 жылғы 12 қыркүйектегі № 181 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:

көрсетілген қаулыға қосымшасы осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

  1. «Ақтөбе облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы қаулыны қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

2) осы қаулыны оны ресми жариялағаннан кейін Ақтөбе облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

  1. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақтөбе облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
  2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

Лауазымы

 

Аты-жөні

 



Дата публикации
09 января 2026