Қазіргі таңда, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы №597 бұйрығымен бекітілген тәуекелдерді басқарудың типтік жүйесіне сәйкес білім, денсаулық сақтау, мәдениет және спорт салаларындағы жалақыны төлеуге бағытталған бюджет қаражатының пайдалануы бойынша бақылауды күшейту мақсатында «Онлайн бюджеттік мониторинг» жүйесі енгізілген.
Онлайн бюджеттік мониторинг – бұл нақты уақыт режимінде бюджеттік қаражаттың қозғалысын бақылауға мүмкіндік беретін цифрлық платформа. Оның көмегімен мемлекеттік мекемелердің қаржы игеруі туралы деректер халыққа ашық ұсынылады.
Ақтөбе облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментінің «Онлайн бюджеттік мониторинг» жүйесінің нәтижелері бойынша, Ақтөбе қалалық білім бөліміне және Хромтау аудандық білім бөлімдеріне қарасты бірқатар мемлекеттік мекемелерде бұзушылықтар анықталды, оның ішінде;
- «Ақтөбе қаласының білім бөлімі»ММ-ің «Ақтөбе қаласының №27 орта мектеп-лицейі»КММ-де 2025 жылдың қаңтар және ақпан айлары бойынша мектеп есепшісі математика мұғаліміне еңбекке жарамсыз уақыты үшін төленетін жәрдемақысын 353,5 мың теңгеге артық аударған.
- “Ақтөбе облысының білім басқармасы Хромтау ауданының білім бөлімі” мемлекеттік мекемесінің “№5 Хромтау гимназиясы” коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 2025 жылдың қаңтар айынан тамыз айлары аралығы бойынша бас есепшінің жалақысы толығымен қаралып нәтижесінде 983,6 мың теңгеге артық жалақы аударған. Бұл қаржы тәртібін бұзу дерегі онлайн бюджеттік мониторинг құралдары арқылы анықталған.
- «Ақтөбе облысының білім басқармасы»ММ-нің «Жайсаң арнайы білім беру ұйымы»КММ-де 2024 жылдың сәуір және мамыр айларында декреттік демалыста жүрген қызметкердің карт-шотына жалпы сомасы 850,0 мың теңге артық қаражат аударылған.
Анықталған бұзушылық сомалары толығымен бюджеттік кірісіне өндірілді. Аталған бағытта жұмыстар жалғастырылады.