Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындары арасында еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, жергілікті бюджет қаражаты есебінен жоғары білімі бар мамандарды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыруға конкурс өткізу туралы хабарландыру

Конкурс мәні:

Білім беру бағдарламалары топтары бөлінісінде 2025-2026 оқу жылына арналған жоғары білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы 40 орын құрады (бакалавриат бойынша) және 5 білім беру салаларына бөлінді: 6В01 Педагогикалық ғылымдар, 6В02 Өнер және гуманитарлық ғылымдар, 6B07 Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары,  6В08 Ауыл шаруашылығы және биоресурстар, 6B09 Ветеринария.

Конкурс ұйымдастырушысы:

Ақтөбе облысының әкімдігі

Ақтөбе облысының білім  басқармасы

Пошталық мекенжайы: 030010, Ақтөбе қаласы, Әбілқайыр хан даңғылы, 40, №542 кабинет, байланыс телефондары: 8 (7132) 56-85-60, +7-777-660-37-59

Конкурс туралы ақпарат:

Конкурс ҚР Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 29 қаңтардағы №122 бұйрығымен бекітілген Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының дайындық бөлімшелеріне мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру қағидаларына сәйкес өткізіледі.

Конкурс қатысушылары дайындаған конкурстық өтінім мемлекеттік және орыс тілдерінде ұсынылады.

Конкурстық өтінім келесі құжаттардан тұруы қажет:

  1. Жоғары оқу орнының өтінімі
  2. Жоғары оқу орнының сауалнамасы
  3. Жоғары оқу орнының ақпараттық картасы
  4. 2025-2026 оқу жылына жоғары білімі бар кадрларды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыруға ұсыныстарды қамтитын конкурстық өтінім.

Берілген қосымшалар электронды форматта d.ornova@aktobe.gov.kz және d.ornova@mail.kz электронды мекенжайларына ұсынылады.

Конкурстық өтінімге кіретін құжаттар тігіледі, нөмірленеді, жоғары оқу орнының бірінші басшысы қол қояды, мөрімен расталады және конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген тәртіппен ұсынылады.

Конкурстық өтінім конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген сағаттан және күннен кешіктірілмей жіберіледі. Конкурстық өтінімді беру мерзімі аяқталғаннан кейін түскен конкурстық өтінім кешіктірілу себептеріне қарамастан қаралмайды. Конкурстық өтінімдерге оларды беру мерзімі өткеннен кейін қандай да бір өзгерістер енгізуге жол берілмейді.

ЖАО комиссиясы Қағидалардың 19-тармағында көрсетілген негізгі өлшемшарттарды басшылыққа алатынын ескертеміз.

Конкурсқа өтінімдерді қабылдау мерзімі: 2025 жылғы 11-13 тамыз аралығында сағат 17-30-ға дейін.

2025-2026 оқу жылына арналған жоғары білімі бар мамандар даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы

(жергілікті бюджет есебінен)

Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі -«Ақтөбе облысының білім басқармасы» ММ

бакалавриат

 

№

Білім беру саласының коды

Даярлау бағытының коды

Білім беру бағдарламасы тобының коды

Мамандық атауы

Орын  саны

1

 

 

 

 

 

6B01 Педагогикалық ғылымдар

6В015 Жаратылыстану пәндері бойынша мұғалімдер даярлау

В009  Математика мұғалімдерін даярлау

Математика

пәнінің мұғалімі

6

2

В010 Физика мұғалімдерін даярлау

Физика

пәнінің мұғалімі

3

3

В012 Химия мұғалімдерін даярлау

Химия пәнінің мұғалімі

3

4

6B014 Жалпы дамудың пәндік мамандандырылған мұғалімдерін даярлау

B007 Көркем еңбек және сызу мұғалімдерін даярлау

Көркем еңбек, сызу мұғалімдері

2

5

B005 Дене шынықтыру мұғалімдерін даярлау

Бейімдік дене шынықтыру және спорт

2

6

6B02 Өнер және гуманитарлық ғылымдар

6В021 - Өнер

В027 - Театр өнері

Театр өнері (драм театры артисі)

4

7

В104 - Сахналық өнерлердің және цирк режиссурасы

 Сахналық өнерлердің режиссурасы (драма театрының режиссурасы)

1

8

В108 – Сценография

Сценография (Театралды- декорациялық өнер)

1

9

Сценография (жарық техникасы)

1

10

В099 - Аспаптық орындау

Аспаптық орындаушылық-ішекті аспаптар (виолончель)

1

11

Аспаптық орындаушылық-ішекті аспаптар (контрабас)

1

12

Аспаптық орындаушылық-үрмелі және соқпалы аспаптар (гобой)

1

13

Аспаптық орындаушылық-үрмелі және соқпалы аспаптар (кларнет)

1

14

Аспаптық орындаушылық-үрмелі және соқпалы аспаптар (фагот)

1

15

Аспаптық орындаушылық-үрмелі және соқпалы аспаптар (труба)

1

16

Аспаптық орындаушылық-үрмелі және соқпалы аспаптар (барабан)

1

17

Аспаптық орындаушылық-халық аспаптары (жетіген)

1

18

6B07 Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары

6B071 Инженерия және инженерлік іс

B064 Механика және металл өңдеу

Технологиялық машиналар және жабдықтар (Инженер-механик)

1

19

Машина жасау (Инженер-конструктор)

1

20

B063 - Электротехника және автоматтандыру

Автоматтандыру және басқару (Инженер-КИПиА)

1

21

B061 Материалтану және технологиялар

Материалтану және жаңа материалдар технологиялары (Инженер-технолог)

1

22

6B073 Сәулет және құрылыс

B176 Гидротехникалық құрылыс және су ресурстарын басқару

Гидротехникалық құрылыс және құрылымдар

2

23

6B08 Ауыл шаруашылығы және биоресурстар

6В084 Балық шаруашылығы

B080 Балық шаруашылығы

Балық шаруашылығы

1

24

6B09 Ветеринария

6B091 Ветеринария

B083 Ветеринария

Ветеринария

2

 

 

 

 

БАРЛЫҒЫ ОБЛЫС БОЙЫНША

40

 



Дата публикации
11 августа 2025