Ақтөбе облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті 2024 жылғы 3 шілдеден бастап 2025 жылғы 20 наурыз аралығында «Актөбе облысының Білім басқармасы» мемлекеттік мекемесінің 2024 жылға арналған шоғырландырылған жылдық қаржылық есептілігіне аудит жүргізді.
2024 жылғы қаңтардан желтоқсанға дейінгі кезеңде аудитпен қамтылған қаражат көлемі 94 832,6 млн теңгені құрады.
Аудит аясында шоғырландырылған есептіліктің қалыптастырылуы мәселесі бойынша Алға, Қобда және Ойыл аудандарының бөлімдерінде қарсы тексерулер жүргізілді.
Тексеру нәтижесінде жалпы сомасы 520,2 млн теңгеге бұзушылықтар анықталды.
Тексерілген кезең ішінде анықталған қаржылық бұзушылықтардың жалпы сомасы 26 961,3 млн теңгені құрады, оның ішінде:
Тексеру барысында жалпы сомасы 2 241,9 млн теңгеге процедуралық бұзушылықтар анықталды, атап айтқанда:
- Материалдарды басқарма шығындарына негізсіз есептен шығару;
- Шаруашылық тауарлар мен негізгі құралдарды бухгалтерлік есеп шоттары бойынша дұрыс есептемеген.
Функционалдық міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін 3 жауапты лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
ұрлық және сыбайлас жемқорлық сипатындағы құқықбұзушылықтар анықталған жоқ.