Ақтөбе облысы тексеру комиссиясымен балалар мен жасөспірімдерге қосымша білім беруге бөлінген қаражатты тиімді жоспарлау мен пайдалануына мемлекеттік аудит қортындысы

Ақтөбе облысы бойынша тексеру комиссиясымен мемлекеттік аудит объектілерінің 2024-2025 жылдарға арналған тізбелеріне сәйкес балалар мен жасөспірімдерге қосымша білім беруге бөлінген қаражатты тиімді жоспарлау мен пайдалануына мемлекеттік аудиті аясында үстеме бақылау жүргізілді.

Үстеме бақылаумен қамтылған объектілер: «Ақтөбе қаласының білім бөлімі» ММ, «Ақтөбе қаласының білім бөлімі» ММ «Қалалық көркем сурет лицейі» МКҚК (үстеме бақылау), «Ақтөбе облысының білім басқармасы» ММ (үстеме бақылау), «Ақтөбе қаласының білім бөлімі» ММ «Шығармашылық Академиясы» МКҚК, «Ақтөбе қаласының білім бөлімі» ММ «Қалалық оқушылар сарайы» МКҚК, «Ақтөбе қаласының білім бөлімі» ММ «№1 балалар музыка мектебі» МКҚК, «Ақтөбе қаласының білім бөлімі» ММ «№3 балалар музыка мектебі» МКҚК, «Ақтөбе қаласының білім бөлімі» ММ «Қазанғап атындағы балалар өнер мектебі» МКҚК, «Ақтөбе қаласының білім бөлімі» ММ «Балалар және жасөспірімдер шығармашылығы орталығы» МКҚК, «Ақтөбе қаласының білім бөлімі» ММ «Қалалық техникалық шығармашылық орталығы» МКК, «Алға ауданының білім бөлімі» ММ «Жастық Жігер аула клубы» КММ, «Алға ауданының білім бөлімі» ММ (үстеме бақылау), «Мәртөк аудандық білім бөлімі» ММ «Балалар шығармашылығы орталығы» МКҚК, «Мәртөк аудандық білім бөлімі» ММ «К.Медетова атындағы Мәртөк балалар өнер мектебі» МКҚК, «Шалқар ауданының білім бөлімі» ММ «Қазанғап Тілепбергенұлы атындағы саз мектебі» МКҚК, «Ақтөбе облысының білім басқармасы Шалқар ауданының білім бөлімі» ММ-нің Шалқар ауданының №1 мектеп тыс «Аула клубы» КММ, «Шалқар ауданының білім бөлімі» ММ.

Аудитпен қамтылған бюджет қаражаттарының жалпы көлемі 5 842 405,3  мың теңгені  құрады. Тексеру комиссиясымен жүргізілген мемлекеттік аудит нәтижесімен тиімсіз жоспарланған бюджет қаражаттар 5 710 883,8 мың теңгеге, 6 рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар және 5 жүйелі олқылықтар мен кемшіліктер анықталды және анықталған бұзушылықтар бойынша бірқатар ұсынымдар берілді:

Аудит қортындысы білім беру ұйымдарымен өткен жалпы жиналыста қаралып, алдағы уақытта осындай фактілердің болдырмауын, бюджет қаражатын ҚР заңнамаларына сәйкес тиімді және мақсатты жұмсалуын жауапкершілікпен қарау және анықталған кемшіліктерді қалпына келтіру  тапсырылды.

 

 

Дата публикации
14 июля 2025