Ақтөбе облысы бойынша бақылау органдарымен жүргізілген тексеру қорытындысы туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің ішкі мемлекеттік аудит комитетінмен бекітілген 2024 жылға арналған мемлекеттік аудит тізбесі негізінде 2024 жылдың тамыз 2025 жылғы наурыз айы аралығында білім беру ұйымдарындағы қаржылық есеп пен бухгалтерлік есептің дұрыстығы мен негізділігін бағалау бойынша аудиторлық тексеру жүргізілді.

        Аудиторлық шарамен білім басқармасының 2023 жыл қортындысымен жылдық шоғырландырылған қаржылық есебі және 2024 жылдың 6-айлық есебіне бағалау жүргізілді.

        Шоғырландырылған қаржылық есеп 13 білім беру бөлімдерінің және 47 ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелердің қаржылық есебінен құралады.

        Тексеру барысында бухгалтерлік есеп жүргізу мен қаржылық есептілікті жасақтау бойынша қолданыстағы Қазақстан республикасының заңнамалық актілер талаптарының қатаң сақталмайтындығы анықталды. Нәтижесінде 29 2023,2 млн.теңге бұзушылыққ жол берілген, оның ішінде қаржылық бұзушылық – 26 961,3 млн.теңге, процедуралық сипатта -2 241,9 млн.теңгені құрады.

        Жіберілген бұзушылықтар түріне тоқталсақ:

  1. Ырғыз, Шалқар және Хромтау аудандық білім бөлімдерімен 2024 жылы жасалған спорт алаңдары, орнатылған бейне бақылу жүйелері, турникт балансқа алынбай, шығысталып жіберілген.
  2. Әйтекеби, Темір аудандық білім бөлімдерінде, «Күншуақ» лагері», «Әлия» маусымдық лагері» «Облыстық арнайы (түзетім) балабқшасы» КММ-інде қолдану мақсаттары ескерілмей баланстағы ғимараттар дұрыс шоттарына қойылмаған, сәйкесінше ғимараттардың амортизациясы артық немесе кем есептелген.
  3. Ақтөбе қалалық білім бөлімі, Мартук аудандық білім бөлімі және «Хромтау психология-педагогикалық түзетім кабинеті» мемлекеттік мекемесімен мамлекеттіп сараптама қорытынды шығындары, жасақталынған ЖСҚ шығындары «Аяқталмаған құрылыс» шотына кірістелмей өзгеде ағымдағы шығындар түрінде шығысталған.
  4. Айтекеби аудандық білім бөлімімен сатып алынған «ПарусКаз-Бюджет» акпараттық жүйесі бірнеше жыл бойы балансқа алынбаған, амортизация есептелінбеген.
  5. Қарсы тексерумен қамтылған Алға аудандық білім бөлімінде -264,2 млн.теңге, Қобда аудандық білім бөлімінде-148,3 млн.теңге, Ойыл аудандық білім бөлімінде-107,7 млн.теңге бұзушылықтар анықталды.

Анықталған бұзушылықтар бойынша аудит барысында бухгалтерлік есептер қалпына келтіріліп, сәйкестендірілді.

Сонымен қатар, ақшаны уақытша орналастырудың қолма-қол ақшасын бақылау шотында (депозиттік шот) жылдан жылға өтіп келе жатқан қалдық қаражаттар бар. Депозиттік шоттағы қалдық қаражаттар мемлекеттік сатып алу шартының орындалуын қамтамасыз ету үшін Мердігерлермен салынған ққаржылар. Ақтөбе қаласының мектептерінде, Алға, Ырғыз, Темір аудандық білім бөлімдерінде ұзақ жылдан қалыптасқан қаражат қалдықтары бар. Шарт міндеттемелері орындалған қаражаттарды Мердігерлерге қайтару шараларын алуды қажет етеді.

Бұдан басқа, Ақтөбе облысы бойынша тексеру комиссиясымен балалар мен жасөспірімдерге қосымша білім беруге бөлінген қаражатты тиімді жоспарлау мен пайдалануына үстеме бақылау жүргізілді.

Бақылау қортындысымен тексерілген мемлекеттк кәсіпорындарда еңбек ақының, іс сапар шығындарының дұрыс есептелмеуі, артық штат бірлігін ұстау, негізсіз қосымша ақы төлеу есебінен бюджет қаражатының артық жұмсалуы анықталды.

170 рәсімдік бұзушылық анықталды: мемлекеттік сатып алу жоспарына негізсіз 2 реттен артық өзгерістер енгізу. Жүргізілген бір көзден сатып алулар бойынша есептілік веб-порталға орналастырлмаған.

 

Дата публикации
14 июля 2025