Мемлекеттік қызметшінің бір күні

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2025 жылғы 18 сәуірдегі № 65 және Мәдениет және ақпарат министрінің 2025 жылғы 24 сәуірдегі № 190-нқ бірлескен бұйрығымен 2025-2027 жылдарға арналған «Адал азамат» идеалдарына сәйкес мемлекеттік қызметшілердің кәсіби және жеке қасиеттерін ілгерілету жөніндегі жол картасы бекітілді.
Жол картасының 3-тармағын орындау үшін Ақтөбе облысының білім басқармасының бөлім басшысы Құлыбекова Гүлжан Құлыбекқызының бір жұмыс күні туралы бейнеролик әзірленді. Құлыбекова Гүлжан Құлыбекқызы - Ақтөбе облысы білім басқармасында үздіксіз 21 жыл мемлекеттік қызмет атқарып келеді. Білім саласындағы мемлекеттік қызметте әке жолын жалғастырып адал еңбегімен еленді.

Дата публикации
25 июня 2025