«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына, «Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына, «Көрсетілетін қызметті алушылар бойынша дербестендірілген қаржыландыруды ескере отырып, балаларға арналған қосымша білім беруге бірыңғай мемлекеттік тапсырысты (шығармашылық және спорттық тапсырыстар, қосымша білім беруге білім беру тапсырысы) орналастыру жөніндегі пилоттық жобаның кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің 2025 жылғы 28 мамырдағы № 125, Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің 2025 жылғы 30 мамырдағы № 251-НҚ, Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің 2025 жылғы 28 мамырдағы №75, Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің 2025 жылғы 28 мамырдағы № 266/НҚ бірлескен бұйрығына сәйкес Ақтөбе облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1) осы қаулыны қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
2) осы қаулыны оны ресми жариялағаннан кейін Ақтөбе облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
Ақтөбе облысының әкімі А. Шахаров
Жоба ұсынушы:
«Ақтөбе облысының білім
басқармасы» ММ басшысы Б.Күзембаева