Ақтөбе облысы әкімдігінің 15.07.2024 жылғы №190 "Білім саласындағы кейбір комиссиялар туралы" қаулысымен өңірлік комиссияның құрамы бекітілді.
"Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға, орта білім беруге, балаларға қосымша білім беруге және техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 27 тамыздағы №381 бұйрығына сәйкес техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарына мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру үшін конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар жасақталған.
Конкурсқа қатысуға меншік нысанына қарамастан техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары жіберіледі.
Білім беру мемлекеттік тапсырысын орналастыру бойынша конкурсқа қатысуға ниет білдірген барлық білім беру ұйымдары 2025 жылғы 12-13 маусым күндері Ақтөбе облысы бойынша "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" бөлімдері, сондай-ақ "электрондық үкімет" веб-порталы www.egov.kz. арқылы құжаттар топтамасын ұсынуы тиіс.
Құжаттарды қабылдау Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 27 тамыздағы №381 бұйрығының 7-қосымшасы "Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру бойынша конкурсқа құжаттар қабылдау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес жүзеге асырылады.