Ақтөбе облысының білім басқармасы Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңына, Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 27 тамыздағы № 381 бұйрығымен бекітілген еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға, орта білім беруге, балаларға қосымша білім беруге және техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастырады.
Қазақстан Республикасының 2024 жылғы 4 желтоқсандағы №141-VІІІ «2025-2027 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Заңына сәйкес, 2025 жылға арналған айлық есептік көрсеткішке байланысты 2024-2025 жылдарға арналған жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру сомасы қайта қаралды.